5 сыныпқа информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар. Түсінік хат



бет2/12
Дата06.01.2022
өлшемі116 Kb.
#11608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Түсінік хат,2018-2019 о.ж

Оқытудың мақсаты оқушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Оқыту міндеттері:

  • білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;

  • ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;

  • білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;

  • талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;

  • білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;

  • білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;

  • білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.

Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;



Оқулық: Негізгі: - Информатика 5 сынып. Оқулық. Г.А.Көпеева, Ү.М.Ділманова «Арман – ПВ», 2017.

Информатика «Мұғалім кітабы» 5 сынып Г.А.Көпеева, Ү.М.Ділманова «Арман – ПВ», 2017.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет