2. Сақ өркениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеті. Сақ өркениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді.
Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.
Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.
Сақтардың (скиф) массагет тайпалары туралы тарихшы Страбон: «Кейбіреулер таулы жерді мекендесе, жазық дала мен өзен жағалауында, тіпті аралдарда тұратындары да бар. Аралдарда тұратын массагеттер мал өсіріп, егін егіп жер өңдемейді. Өзен жағалауындағы сазда тұратын сақтар балық аулаумен шұғылданады» — дейді. Таулы өңірде өмір сүрген массагеттер азын-аулақ қой өсіріп, олардың сүті мен жүнін пайдаланған. Массагеттер жер өңдеп дәнді-дақылдар екпейтін, олар тек мал өсіріп көпшенді тұрмыс кешкен. Көшпенді өмір сүру салты сақтардың (скиф) негізгі кәсібі малшарушылығымен байланысты. Сактардың (скиф) ішінде мал, егін шаруашылығынан басқа да балық, аң аулап өмір сүрген тайпалар болды. Сонымен сақтардың (скиф) кәсібі өмір сүрген аймақтарына қатысты болды деп айтуға болады.
Олар туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы Страбон «Жағырапиясында» жазып қалдырған. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.
Тарихшылардың еңбегінде сақтардың ержүрек, батыл тайпа болғаны айтылған. Сақтардың ержүрек, жауынгер тайпа болғанын сақ патшайымы Томирис туралы аңыздан да аңғаруға болады.
Деректерге сүйенсек, б.з.б 530 жылы Кир бастаған парсы әскері сақ жеріне басып кіреді. Сол уақытта сақтарды Томирис патшайым билеген болатын. Және әйел екеніне қарамастан, ол парсылармен қиян-кескі соғыс жүргізеді. Кир әскері Сырдария аумағына дейін келіп, сақ билеушісіне елші жібергенде Тұмар патшайым онымен келіссөз жүргізуден бас тартады. Оған ашуланған Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады.
Бірақ, Томирис патшайым өз жерінде соғысқанды қолайлы деп тауып, әдейі парсы әскерінің судан өтуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, жау қолын өзеннен өткізген сақ билеушісі біршама жер жүргеннен кейін қостарын тігеді. Бірақ, парсы билеушісі қулыққа көшіп, қорыққан сыңай танытып, әдейі қашады. Сонда Томиристің Ыспарғапис есімді ұлы жаудың артынан қуамын деп алданып, қақпанға түсіп, қаза болады. Ал баласының өлімін естіген сақ патшайымы Кирдің басын тауып әкелуге бұйрық беріп, қалың қолмен парсы жеріне соғысқа аттады.
Сол ұрыста сақтар парсы әскерін ойсырата жеңіп, Томирис патшайым қанға тоймаған парсы билеушісі Кирдің басын алдырып, жазалайды. Ол әскерлеріне тері қапты қанмен толтыруды бұйырып, Кирдің басын ұстап тұрып: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді өз қаныңды тойып іш!» деп, өшін алған. Міне, тарихшылар жазып кеткен осы аңыз да сақтардың батыл, ержүрек, жауынгер тайпа болғанын дәлелдейді.
Ал, Шырақ есімді сақ малшысы туралы аңыз сақтардың өте ақылды және жауынгер болғанын тағы бір дәделдемек. Сол заманда Шырақ есімді малшы жігіт өз денесін пышақпен тілгілеп, алдынан шыққан жауға сақ көсемдерінен қорлық көрдім деп, ақылдылығымен жау әскерін алдап түсірген. Оның қызыл-ала қан болған денесін көрген жау қолы малшы жігіттің сөзіне сеніп, оның артынан еремін деп, шөл далада адасып, қырылып қалады.
Қорытындыла келе, сақтар басқа өркениеттерге танымал ұлы дала иелері болғанын айта кетеді, сонау Ежелгі Грекия, Рим, тіпті Қытай тарихшылары, сақ өркениетінің тұрмысына қызыққан. Сауда-саттық жол арқылыда басқа да өркениеттерменде араласа отырып, бірнеше өркениеттерді арасында орнын таба білген.