5 тақырып. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру


Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастырудың негізгі қағидалары



бет2/8
Дата06.12.2022
өлшемі121,58 Kb.
#55123
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
499358.pptx

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастырудың негізгі қағидалары:

  • Қаржы ресурстарының құрылымы мен көлемінің оңтайлы құрамы
  • Қаржы ресурстарынын қаржыландыру көздерінің оңтайлы құрамы;
  • Қаржы ресурстарын мақсаты және ұтымды пайдалану;
  • Қаржы резервтерін құру және қаржы ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету т.б..

Кәсіпорынның қаржылық ортасы –кәсіпорынның қаржылық қатынастар субъектілерімен және объектілерімен көпжақты өзара іскерлік байланыстар кешені.

2.Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен қаржыландыру көздері  

  • Кәсіпкерлік қызметтің дамуы мен тиімділігіне оны қаржыландыру шамасы тікелей әсер етеді. Яғни, қажетті көлемде қаржы ресурстары болуы тиіс. Қаржы – тауар-ақша қатынастарымен байланысты қалыптасқан категориялардың бірі.

Қаржы ресурстарын алу көздеріне байланысты 3 топқа бөлуге болады:

  • Меншікті қаражаттар есебінен құрылатын қаржы ресурстары (, жалпы пайда, таза пайда, азаматтардан түсетін мақсатты түсімдер, бюджеттен бөлінетін қаражаттар және басқа да түсімдер);
  • Қаржы нарығында жұмылдырылған қарыздық (заемдық) қаржылық қаражаттар ( банктер мен басқа да қаржылық институттардың несие ресурстары, бюджеттік, коммерциялық несиелер т.б.);
  • Тартылған қаржылық қаражаттар ( кәсіпорындағы бағалы қағаздарды сатудан түсетін табыстар, ағымдағы және инвестициялық қызметке үлестік қатысудан түскен қаражаттар, бюджеттік субсидиялар, кредиторлық берешектер және басқа да ресурстар).

Кәсіпорынды қаржыландыру көздерін тандау кезінде төмендегідей бес негізгі міндетті шешу қажет:

  • Қысқа және ұзақ мерзімді капиталға деген қажеттілікті анықтау керек;
  • Ұтымды құрылымды анықтау мақсатында қаражаттардың активтері мен пассивтерінің құрамын анықтау керек;

Кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын максималды пайда әкелетіндей етіп пайдалану керек;

  • Кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын максималды пайда әкелетіндей етіп пайдалану керек;
  • Шаруашылық қызметті қаржыландыруға деген шығындарды төмендеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет