Өзін-өзі қаржыландыу ( бөленбеген пайда, амортизациялық аударымдар, резервтік капитал, қосымша капитал және т.б.).
Акционерлік және үлестік қаржыландыру (жарғылық капиталға қатысу, акцияларды сатып алу т.б.).
Қарыздық қаржыландыру ( республикалық, аймақтық және жергілікті бюджеттерден қайтарымды негіздегі несиелер, барлық деңгейдегі бюджеттерден қайтарымсыз негізде бөлінген қаражаттар, мақсатты республикалық инвестициялық бағдарламалар т.б.).
Қаржыландырудың ерекше нысандары ( жобалық қаржыландыру, венчурлік қаржыландыру, шетелдік капиталды тарту жолымен қаржыландыру).
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздерін келесі таблица түрінде көрсетуге болады.
Сыртқы қаржыландырудың ең кеңінен тараған түрлерінің бірі несиелеу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті несиелеу мәселесін қарастырмас бұрын несие түсінігі мен негізгі түрлеріне қысқаша тоқталайық.