5 тақырып. Когнитивті лингвистика және терминология. Жоспары:
1.Когнитивті лингвистикада терминдерді қолдану және сараптау принциптері.
2.Когнитивті лингвистикаға байланысты терминтанудың тіл білімінде алатын орны ,оған қатысты әр түрлі көзқарастар мен пікірлер.
3.Когнитивті лингвистиканы меңгеруде терминдерді білудің мәні мен маңызы.
Мақсаты: Студенттерге лингвомәдениеттану жөнінде теориялық білім беру.
Мазмұны:
1.Соңғы жылдары қазақ тіл білімінде жеке сала ретінде әлі танылмаған жаңа бағыт – лингвомәдениеттану мәселелеріне арналған бірнеше диссертациялық жұмыстар қорғалды. Бірақ «Тіл мен мәдениет» сабақтастығы, ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің байланысына қатысты мәселелер ғылымда бұрын-соңды зерттелмеген деп есептеуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, рухани мәдениет негіздері, халықтың танымы, философиялық, заттық мәдениетке қатысты атаулар, этнолексика, қазақ ұлтына тән мәдени және танымдық ерекшеліктер Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісова, Ж.Манкеева т.б. еңбектерінде арнайы зерттелді.
Жалпы және орыс тіл білімінде лингвомәдениеттану соңғы кезде жеке сала ретінде зерттеліп жүр. Лингвомәдениеттанудың тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуын Ю.С.Степанов, Н.Д.Артюнова, В.В.Воробьев, В.Шаклеин, В.А.Маслова т.б. сияқты ғалымдар теориялық тұрғыдан дәлелдеді.
Орыс тіл білімінде лингвомәдениеттану саласы кейінгі онжылдық көлемінде сөз етіп, қолға алынды. Сондықтан орыс лингвистикасының өзінде аталмыш саланың негізі мен зерттеу аясы қалыптасқан деп айтуға болмайды.
Лингвомәдениеттану тіл білімінің арнайы салаы ретінде этнолингвистикамен тығыз байланысты. Осыдан да болса керек, кейбір ғалымдар (В.Н.Телия) лингвомәдениттану этнолингвистиканың бір тармағы деп атайды. Дегенмен, бұл тіл білімінің екі бөлек саласы. өйткені, этнолингвистикалық зерттеулер көбіне тарихи ретроспективте жүргізілген зерттеу нысаны ретінде фольклорлық және мифтік мәтіндер, діни жәе тұрмыстық жырлар, әдет-ғұрыптар т.с.с. болып табылады. Ал лингвомәдениетанымның этнолингвистикадан айырмашылығы мен ерекшелігін ғалым И.Г.Ольшанский былай түсіндіреді: «В отличии от этнолингвистики лингвокультурология ориентирована на состояние и функционирование языка и культуры. Лингвокульторогия исследует прежде всего живые коммуникативные процессы и связь используемых в них языковых выраженийс синхронно действующим менталитетом народа». Яғни этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың ең бастысы диахрония мен синхрония тұрғысынан ажыратылады.
Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика мәселелері төңірегінде алғаш монография 1998 жылы жарық көрді. Қазқ тіл білімінің лингвомәдениттану, когнитология саласындағы алғашқы ғылыми еңбек ғалым Қ.Жаманбаеваның монографиясы деп атауға толық негіз бар. Өйткені автор тіл мен таным, тіл мен ойлаудың, тіл мен мәдениет арақатынасын, негізгі мәселені психологиялық, философиялық, тіл тұрғысынан кешенді түрде, когнитивтік жүйеге біріктіру арқылы ғылыми тұжырым жасайды. Ғалым тілдік модель үлгісін концепт негізінде, тезаурус түзудің ерекшеліктерін, қазақ тіліндегі концепт жүйесін (мұң, қайғы, қиял-арман, өлім, жан, дүние, тағдыр, от, күн, таң, адамзат т.б.) алғаш рет атап көрсеткен.
Аталмыш сала мәселелері жайында соңғы кездері бірнеше диссертациялар жазылып, оның өзектілігі сөз болады. Мәселен, А.Қ.Сейілхан диссертациялық жұмысында қазақ халқының эпос жырларындағы рухани және материалдық мәдениетке қатысты тілдік деректерді лингвомәдениеттану тұрғысынан зерттеп, тіл тарихы мен тіл табиғатының мәдениетпен тығыз байланыстылығын дәлелдейді.
Осы ретте С.И.Жапақовтың «Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері» атты кандидаттық диссертациясын атап өткен жөн. Бұл жұмыста фразеологизмдерді тек тілдік тұрғыдан ғана зерттеу жеткіліксіз екендігі сөз етіледі. Фразеологиялық бірліктерді психолингвистикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттаным аспектіде қарастырып, олардың семантикасын мәдени дүниетанымдық ерекшеліктерге бай көп компонентті тілдік таңба ретінде танытады.
Сонымен қатар, осы саладағы зерттеу жұмыстарының ішінде Ш.М.Елемесова мен Г.Ж.Снасапованың диссертациялық еңбектері ерекше орын алады. өйткені алғаш рет қазақ көркем мәтіндегі лингвомәдени бірліктер айқындалып, оларға лингвомәдениеттанымдық талдау жүргізіледі.
С.Б.Бейсембаеваның «Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке» атты зерттеуінде қазақ тіліндегі тілдік қатынастың бейвербалды компоненттері лингвомәдениеттану тұрғысынан қарастырылып, олардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері сипатталған.
2.Лингвомәденттанудың зерттеу нысанасы мен аясы кең, ауқымды болып келеді де, бірнеше лингвомәдени бірліктер мен құбылыстар түрлерінен құралады:
1.Елтану саласының зерттеу нысанасы болып табылатын тілдік бірліктер, бейэквивалентті лексика;
2.Мифтік мәдени тілдік-бірліктер: наным-сенімге, салт-дәстүрлерге байланысты фразеологизмдер, мәдениеттің әдет-ғұрып, салттық болмысын білдіретін метафоралық бірліктер, яғни мифологемалар мен архетиптер;
3.Тілдің паремиологиялық тобы;
4.Символдар, стереотиптер, эталондар;
5.Сөз бен мәдениет сабақтастығы жайлы негізгі ақпаратты беруші ең маңызды тілдік көріністер – образдар;
6.Тілдің стилистикалық қабаты: әдеби тіл және оның басқа түрлерімен арақатысы (ауызекі сөйлеу тілі, диалект);
7.Сөйлеу әрекеті;
8.Қарым-қатынас жасауудың ең негізгі компоненті – сөйлеу этикеті;
9.Дін мен тілдің әрекеттестігі.
Әрбір жаңа ғылым саласының өзіндік метатілі мен терминологиялық аппараты болады. Орыс ғалымдары линвомәдениеттанымның негізгі терминдері мен ұғымдарын ұсынады: концепт, констант, мәдени-тілдік құзырет, мәдени коннотация, мәдени семалар, мәдени үрдіс, мәдени кеңістік, мәдени интерпритация, ментальділік, менталитет, лингвомәдениеттанымдық үрдіс, лингвокультурема, лингвомәдени жағдаят, лингвомәдени универсум т.б.