5 тақырып. СҰраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. КӘсіпорынның шығындары мен табысы


Өндіріс шығындары. Масштаб эффектісі



бет11/15
Дата24.02.2022
өлшемі228,82 Kb.
#26285
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
3. Өндіріс шығындары. Масштаб эффектісі.

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар
Шығындардың құрылымы:

  1. Қоғамдық шығындар – тауар құнын жасайтын еңбек шығындары.

  2. Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.

  3. Айналым шығындары– тауарды өткізу (сату) процесімен байланысты шығындар.

Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

6.3. кесте.- Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.



Шығындар

Анықтамалары

Мысал

Тұрақты

Бұл өндіріс көлеміне байланысты емес шығындар

1000 ақша бірлігі

Өзгермелі

Бұл өндіріс көлеміне байланысты шығындар

1400 ақша бірлігі, бір күнде 5 өнім шығарылды

Жалпы

Тұрақты шығын мен өзгермелі шығынның қосындысы

1000+1400=2400 ақша бірлігі

Орташа

Әрбір өнім бірлігіне кеткен шығындар

2400/5=480 ақша бірлігі

Шекті

Әр жаңа өнім өндірілгенде жалпы шығынның өсуі

5 өнім- 2400, 6 өнім- 3000, мұнда қосымша 600 ақша бірлігі



  1. Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

    1. Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелді:

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

  1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

  2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

  3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нөльге шығады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.

    1. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар

МС есептеледі – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.



1., TC– жалпы шығындар.

2. – мұнда МС- шекті шығындар, Q - өндірілген өнім саны.



3. мұнда AТC– орташа жалпы шығындар.

  1. , мұнда: AFC – орташа тұрақты шығындар.

  2. , мұнда: AVC – – орташа өзгермелі шығындар.

  3. , мұнда: АТС – орташа жалпы шығындар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет