№5 тaқырып. Теріс эмоциялар және денсаулық
1: Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы:
Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін
анықтау – аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма
көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған.
Бірдей
психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, аномальды да
болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және
психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен
құндылықтар арқылы анықтайды.Адам денсаулығының осы аспектісімен шектелетін
жағдайлары психикалық көріністердегі ауқымды зерттелуі қиындыққа соғатын топқа
жатады. Клиникалық түрде нақты көрінбеген психикалық ауытқу
мен психикалық саулық
арасындағы шекараны айқын ажыратып көрсету қиын. Оларды өзара ажыратып,
сондай-ақ
өзара жалғастырып тұрған шекара аумағы айтарлықтай кең болады, ал ауруды
денсаулықтан бөліп тұрған шекара тұрақсыз әрі белгісіз болып табылады.
Кейбір
авторлардың мәліметтері бойынша, зерттелген адамдардың 20-26 пайызынан психикалық
ауытқулар 40-62 пайызынан – шекаралық жағдай анықталып, 13-15 пайызынан ешқандай
психикалық бұзылыстар байқалмаған .Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы
дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы,
оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық
және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші
мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар
арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа
адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.
Адам психикасының әрбір деңгейінде норма мен аномалиялар
көрсеткіштерінің өзіндік
медициналық-психологиялық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі болады. Жағымсыз
өзгерістердің барлық үш деңгейде де орын алуы мүмкін. Психофизиологиялық саулық
деңгейіндегі ауытқулар орталық жүйке жүйесінде де, перифериялық жүйелерде де
(мигрень, невралгия, неврит, полиневрит және т.б.) пайда болатын алуан түрлі жүйке
аурулары түріне білінеді. Жеке психологиясының саулық деңгейіндегі ауытқулар
бірқатар
психикалық ауруларды (қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б. қабілеттіліктерінде
ауытқулар) тудырады. Тұлға саулығының деңгейіндегі ауытқулар тұлғаның өзін қоршаған
әлеуметтік ортамен қалыпты түрде өмір сүру бағытындағы өзгеріске (нашақорлық,
ішімділік, қылмыс т.б.) әкеліп соғады. Демек, өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі жоғары
немесе төмен үміттерді тудырады, басқалармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға кедергі
келтіреді.
2: