54. Кәсіби білім беру іс-әрекетіндегі қақтығыстары және оларды басқарудың ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
55. Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттерін атаңыз. Педагогикалық құрылымдық компоненттері:
оқыту мақсаты;
оқыту мазмұны;
педагогикалық әсер ету құралдар;
оқу үрдісін ұйымдастыру;
оқыту құралдары және ынталандыру;
оқытушы мен оқушы оқыту үрдісінің субьектісі ретінде;
іс әрекеттің нәтижесі.
56. Инновациялық технологияның ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
57. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстарын сипаттаңыз
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:
· Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
· Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
· Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
· Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды.МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.