51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —



бет20/50
Дата24.11.2023
өлшемі317,73 Kb.
#125439
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
51. Жоңғар ханлығының күшеюі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама-emirsaba.org

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан. Араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қазыбек би, Шақшақ Жәнібек батыр заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған.
Мәшһүр Жүсіп фоль­клорды этно­графиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халық­тардың шығу тегіне, рулық құ­рамына, қоныс аударуына, қалып­та­суына, тіпті олардың тұрмыс-тірші­лігіне, қор­шаған табиғи орта­сына, киетін киім­дері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәсе­лен, “Бұл қазақ қай уа­қыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтыл­ғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шық­қандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрын­ғы заманда қазақтың Жүз деген де ата­ла­рының аты болса керек. “Жүз” деген ат­ты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қо­йып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қы­лысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Ала­ша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұра­нымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет