51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —


Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы



бет2/50
Дата24.11.2023
өлшемі317,73 Kb.
#125439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
51. Жоңғар ханлығының күшеюі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама-emirsaba.org

52. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы.
Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды және сол аймақтағы басқа да қалаларды тастап шықты. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.
Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды. Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.
Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты.
53. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі.
Сейітқұл Қойдағұлов – батыр, елші. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 ж. Ресей императоры Анна Иоановнаға Құлымбет Көштайұлы бимен бірге жіберген елшілік басшысының бірі. 1730 ж. қыркүйекте Уфа арқылы Санкт-Петербургке келген қазақ елшілері Анна Иоановнаға Кіші жүз ұлыстарын қорғауға алып, Ресей бодандығына қабылдауын сұраған Әбілқайыр ханның өтінішін жеткізген. Бұл хатта Әбілқайыр: «Аса құрметті падиша, Мен, Кіші жүз қазақтарылың ханы Әбілқайыр, өзімнің қол астымдағы бүкіл жұртыммен Сіздің императорлық ұлы мәртебеңіздің қол астында болғым келеді. Ресей мемлекетіне әрдайым адал боламыз...»-деп жазған.

Қойдағұлов бастаған елшілік Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылу процесі барысында, сонымен қатар қазақ-орыс қарым-қатынастарының нығаюында айтарлықтап роль атқарды.


Қоштаев Құтлымбет- би, Әбілқайыр ханның 1730 ж. Санкт-Петербургке жіберген елшісі. Елшілік орыс патшасы Анна Иоановнаға Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қазақтарының арнаулы хатын жеткізді. Бұл кезде қазақтар жоңғар қалмақтарымен қатар көршілес башқұрттар тарапынан да шапқыншылыққа ұшырай бастаған. Елшілік егер патша өкіметі қазақтарды өз қорғауына алатын болса, жасақ беруге әзір екендіктерін мәлімдеді. Патша өкіметі бұл өтінішті қабылдап, 1731 ж. 19 ақпанда Кіші жүзді Ресейдің қол астына алатындығы жөніндегі грамотаны елшілікке табыс етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет