51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —


ЖЭС кезіндегі саудадағы өзгерістер:•



бет28/50
Дата24.11.2023
өлшемі317,73 Kb.
#125439
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Байланысты:
51. Жоңғар ханлығының күшеюі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама-emirsaba.org

ЖЭС кезіндегі саудадағы өзгерістер:• 1921 жылы 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылдады; • Жәрмеңкелер ашыла бастады. Басты жәрмеңкелер:
1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.2) Ақмола губерниясында – Атбасар.
3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.4) Бөкей ордасында – Орда
ЖЭС-тің қиындықтары мен зардаптары:
- ауа райының қуаңшылығына байланысты астық шықпай қалып, елді аштық жайлады.
- 1921–1922 жылдары Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған.Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды,1922 ж. маусымда 82 % қамтыды.Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті.
- 1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға көшіп кетті.
ЖЭС – тің жалпы қорытындылары:
•Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.•Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
•Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.•Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.
•Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.•Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
•Еркіндік мүлде болмады.•1921-1922 жылдардағы ашаршылық

81. Ф.И.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны (1925-1933жж.)
1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Солақай саясатшыл Ф.И.Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты.
Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді.
Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды.
1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды.
Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Осыны көріп отырып қазағым деп қабырғасы қайысқан интеллегенция өкілдеріне де Голощекин өртінің жалыны жетіп барды. Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мәскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды.
Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның "Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет