53. Аналитикалық форманттардың мағыналарын салыстырыңыз. Зерттеушілердің көмекші етістіктердің мәнінашып, түсіндірудегі ерекшеліктеріне тоқталмасбұрын ерекше назар аударатын нәрсе – олардыңаналитикалық форма, аналитикалық формантұғымын түсінуі. Н.Ильминский, М.Терентьев, Н.Пантусов, П.Мелиоранский, И.Лаптев сияқтызерттеушілер «аналитикалық форма»,«аналитикалық формант» деген атаулардықолданбағанымен, көмекші етістіктерден бұрынтұрған негізгі етістікке жалғанған көсемшетүрлеріне байланысты мағынаның ауысып, өзгеріпотыратынын түсінген. Сол себепті көмекшіетістіктің алдындағы көсемшені нақтылап көрсетіпотырған. Осы тұрғыдан келгенде‚ Қ.Кемеңгерұлыда аналитикалық форма, аналитикалық формантқасиетін, ерекшелігін терең түсінген. Қазақ тіліндегі аналитикалық формалыетістіктер мен аналитикалық форманттардыңқұрылымын, мағыналық ерекшелігін арнайызерттеген ғалым Н.Оралбаеваның осы саладағыеңбектері мен ұлттық тіл білімінің қалыптасқанкезеңіне дейінгі зерттеушілер еңбектеріндегіаналитикалық формалардың мағыналарынсалыстыра отырып, бұрынғы зерттеушілердіңқимылдың өту сипатын білдіретін мынадайаналитикалық форманттарды келтіргенін көреміз:
а) қимылдың жасандылығын білдіретінаналитикалық формант: - ған бол(М.Терентьев, И.Лаптев, Қ.Кемеңгерұлы);
ә) қимылдың созылуын, қайталануынбілдіретін аналитикалық формант: а бер(Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский, Қ.Кемеңгерұлы);
б) қимылдың күтпеген жерден жасалуынбілдіретін аналитикалық формант: а қал(са)(Н.Ильминский, П.Мелиоранский, Қ.Кемеңгерұлы);
в) қимылдың бағыт-мақсатын білдіретін(целеустремленность действия) аналитикалықформант: -п ал(Н.Пантусов, Қ.Кемеңгерұлы);
г) қимылдың немқұрайды жасалуын білдіретінаналитикалық формант: -п бер(Н.Пантусов);
ғ) қимылдың ерекше қарқынмен (күшпен) жасалуын білдіретін аналитикалық формант: а бер(Н.Пантусов, Қ.Кемеңгерұлы);
д) қимылдың жасалуына шек қойылудыбілдіретін аналитикалық формант: -а тұр(Н.Ильминский, Қ.Кемеңгерұлы).
Сонымен қатар тілеу, жалыну, өтініп сұраумәнінде а көр формантының қолданылатынын(П.М.Мелиоранский), модальдық реңкті(возможность – невозможность) білдіру үшін -аал/ а алмаформанты жұмсалатынын(Н.Ильминский, Н.Пантусов, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Қ.Кемеңгерұлы) көрсеткен.
Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралының» соңындаберілген көмекші етістіктер туралы кестесінде екөмекші етістігінен бөлек 19 етістікті талдап, мәнінтүсіндіреді. Ғалым жоғарыда келтірілгендерденбасқа қимылдың мынадай сипаттарын көрсетеді:
а) қимылдың бағыты (-а бар‚ -п бар‚ -п кел‚ -пөт);
ә) іс-әрекеттің орындалуына рұқсат берунемесе келіспеу (-а қой‚ -уға болады/-уғаболмайды);
б) байқау, тексеру (-п көр);
в) қимылдың ертерек, осыған дейін (заранее) орындалып қоюы (-п қой);
г) тез, шапшаң орындалуы (- а қой).
Өзіне дейінгі зерттеушілермен салыстырғанда, Қ.Кемеңгерұлы көмекші етістіктердің мәнін барынша нақты, жан-жақты ашуға тырысқан. Оны талдаған көмекші етістіктерінің көптігінен де, олардың әрқайсысының сипаттамасынан да байқауға болады. Ғалым талдауындағы жібер, шық, кел, өт, түс сияқты көмекші етістіктер өзіне дейінгі зерттеушілерде кездеспейді.«Оқу құралының» 6-тармақшасында (параграфында §) ғалым былай дейді: «Казахский глагол не знает различия так наз. видов (совершенного и несовершенного), при передаче их на русский язык надо пользоваться тем видом глагола, какой по строю языка больше подойдет к данному обороту речи». Осындай пікір П.Мелиоранский еңбектерінде де кездеседі. Зерттеуші суреттемелі етістіктердің табиғатын сөз ете келіп: «Киргизские глаголы сами по себе не заключают в себе тех оттенков понятия совершенности, несовершенности, многократности действия и т.п., которые в русском языке присущи глаголам того или другого вида», - дейді [49, 41].
Қ.Кемеңгерұлы тұстастарының ішінде Т.Шонанов, Қ.Жұбанов та осы пікірді қуаттаған. Қ.Кемеңгерұлы етіс категориясын түсіндірген тұста А.Байтұрсынұлы қолданған «өсіңкі етіс», «дүркінді етіс» түрлерін орысша «постепенный вид», «многократный вид» деп береді.
И.Ұйықбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіккөріністері» деген еңбегінде көрініскатегориясының түркі тілдерінде, қазақ тіліндезерттелуіне шолу жасай келіп: «Г.В.Архангельскийкөріністі етіс деп атады да, мұны екіге бөлді:1) дүркінді етіс;2) өсіңкі етіс...
Қимылдыңдүркінділігі мен өсіңкілігін дербес көрініс депесептеуге болмайды. Бұлар – аяқталмағанкөріністің салалары болып табылады»,- депжазады [111,17]. Алайда бұл жердегі«постепенный вид» (өсіңкі етіс), «многократныйвид» (дүркінді етіс) деген етістік түрі көрінісмағынасында емес, қимылдың өту сыпаты мәніндеқолданылған болуы керек.Орыс тіл білімінде көп уақытқа дейін көрініскатегориясына қимылдың аяқталу немесе аяқталмауыжәне қимылдың жасалу тәсілі, өту процесінебайланысты түрлі мағыналар жатқызылып келді. А.Потебня 1944 жылы оларды ажыратып,«вид»(aspekt) деген терминді қимылдың аяқталу-аяқталмауына байланысты қарама-қарсылыққа, алқимылдың тәсілі – «способы действия» (aktіosarten) деген терминді қимылдың жасалу тәсілінебайланысты түрлі мағыналарға қолданудыұсынғаны белгілі [112, 74]. Ендеше, «Грамматика» мен «Оқу құралы» жарық көрген кезде (1927 – 1929) орыс тіл білімінде көрініс (вид) категориясымен сыпат категориясының терминдері әлі толықжүйеленіп бітпеген. Сол себепті Қ.Кемеңгерұлыеуропалықтарға түсіндіруде -ңқыра/-ңкіре‚ -қыла/- кіле жұрнақтарын «вид» деп беругемәжбүр болған деп ойлаймыз.
Сонымен, ғалым қимылдың өту сипатыкатегориясы синтетикалық жолмен де, аналитикалық жолмен де жасала алатынынкөрсеткен. Шын мәнінде, -ңқыра/-ңкіре‚ -қыла/-кілежұрнақтары жалғанған етістіктер мен -а түс‚ -а бераналитикалық формалары өзара мәндес. Мәселен, ұрыңқыра - ұра бер, ұра түс; тепкіле – тебе бер, тебе түст.б.Бұл қосымшалардыИ.Ұйықбаев аяқталмаған көріністің реңктеріретінде -а түс‚ -а бер аналитикалықформанттарымен қатар түсіндіреді [111, 76].
«Грамматикада» Қ.Кемеңгерұлы «Особенностинекоторых вспомогательных глаголов» дегентақырыппен -а ал‚ғы келформанттарының мәнінтүсіндіріп, оларды бөлек жіктейді. Осылайшасипаттау кейін Ы.Мамановтың [95]‚ Н.Оралбаеваның [113] еңбектерінде өріс алды. Н.Оралбаева -ғы кел формантының жалғыз қалаурайдың ғана көрсеткіші емес екенін түсіндірекеліп, -а алформанты субъектінің мүмкіндігінбілдірсе, -ғы кел форманты субъектінің тілегінкөрсететінін айтады. Алайда екеуінде де сөйлеушітарапынан субъектінің қимылға, іс-әрекетке қатысыбілінетінін сипаттай келіп: «...Аналитическийформант -ғы кел (-ғы келме) по своему значениюи по изменяемости по категориям глаголасовпадает с формантом -а ал (-ал алма). Глагол с формантом -ғы кел (-ғы келме) так же, как -а ал (-а алма), не употребляется в повелительном наклонении и в определенном будущем времени с показателем -мақ«, - дейді [Н.Оралбаева, 40].
Қ.Кемеңгерұлы -ғы кел/-ғы келме‚ -а ал/-а алмаформанттарының осындай ерекшелігін байқап, сол себепті оларды басқа форманттармен қатар қоюға келмейтінін түсінген.
А.Байтұрсынұлы көмекші етістіктердің үш түрін көрсетеді: а) құр көмекші; ә) күй көмекші; б) ій көмекші. Ғалым е- (емек) етістігін үнемі көмекшілік қызметте жұмсалуының нәтижесінде етістік мәнінен айрылып, жұрнаққа (жалғаулыққа) айналып бара жатуына, әбден ій болып кетуіне байланысты «ій көмекші» деп бөлек жіктейді. Сондай-ақ амалдың қалып-күйін білдіруіне байланысты отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін бөлек топтастырып (күй көмекші)‚ бар, ал, бер, кел, кет, көр, өт, таста, қал, қой сияқты көмекші етістіктерді бір бөлек береді. Жоғарыда Н.Ильминский, П.Мелиоранский, И.Лаптев сияқты зерттеушілердің де көмекші етістіктерді осылай жіктегенін айтып өткенбіз. Қ.Кемеңгерұлы да осы топтастыруды басшылыққа алған. Ғалым е- көмекші етістігімен қатар зат есім, сын есімдермен тіркесіп, «быть», «существовать» мәнінде жұмсалуына байланысты осы топқа бол етістігін де қосады.
Сонымен, көмекші етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде Н.Ильминский, П.Мелиоранский, И.Лаптев, А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеулері өзара ұқсас екенін көреміз.
Т.Шонанов «Самоучитель казахского языка» деген еңбегінде көсемше табиғатын сөз ете отырып, көмекші етістіктерге де тоқтала кетеді. Ғалым ең көп кездесетін көмекші етістіктердің қатарында кет, кел, жүр, тұр, отыр, жат, бол етістіктерін атай келіп: «При употреблении вспомогательных глаголов, при деепричастии глаголы выбираются так, чтобы они наиболее подходили к данному случаю. Так как в казахских глаголах нет совершенного и несовершенного видов, а также и кратности действии, то эти оттенки передаются деепричастием при помощи вспомогательных глаголов: келіп кетті – приходил (буквально: приходивши ушел)» [Т.Шонанов, 73]. Бірақ ғалымның бұл тұжырымы одан әрі жалғасын таппай қалған.
Көмекші етістіктердің табиғатын арнайы сөз еткен ғалымдардың бірі – Қ.Жұбанов. Ғалым көмекші етістіктің қатысуымен жасалған күрделі етістіктерді қосынды етістік деп атайды да, көмекшілерді 3 топқа бөледі: төтенше (жатыр, жүр, отыр, тұр); кеміс (е, де, бол, шығар); толық (ал, сал, қал, жібер, бер, қой, таста т.б.). Атаулары әр түрлі болғанмен, Қ.Жұбановтың көмекші етістіктерді топтастыруы А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеуіне ұқсас. Кеміс (ій) көмекшілердің қатарында А.Байтұрсынұлы е- етістігін (еді, екен, емес т.б.)ғана берсе, Қ.Кемеңгерұлы «быть», «существовать» мәнінде қолданыла алуына байланысты е- етістігімен қатар болетістігін де атайды. Ал Қ.Жұбанов аталған етістіктермен қатар де, шығар етістіктерін де келтіреді. Ғалым бұл етістіктерді үнемі көмекшілік қызметте жұмсалып, алдындағы етістікпен бір сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуын негізге алған сияқты.
Қ.Жұбанов көмекші етістіктердің қимылдың әр мезетін дәл суреттей алатыны, қазақ тіліне көрініс (вид) категориясының тән еместігі, тұр, отыр, жүр, жатыр етістіктерінің осы шақты білдірудегі өзіндік ерекшеліктері, кел, бар етістіктерінің амалдың өту деңгейін (фазасын) көрсете алатыны туралы құнды тұжырымдар жасайды. Н.Оралбаева Қ.Жұбановтың көмекші етістіктердің мынадай мағыналарын көрсеткенін айтады: қимылдың созылыңқы жасалуы; қимылдың үзіліспен жасалуы; қимылдың жасалу процесінің үдеуі, күшеюі; қимылдың жасала бастауы; қимылдың қайталануы; қимылдың бірнеше субъект арқылы жасалуы.
Бұдан Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбановтардың қазақ тіліндегі етістіктерге көрініс категориясы тән еместігін айтумен қатар, қимылдың өту сипатына қарай көмекші етістіктерді өзара топтастыруға тырысқанын көреміз.
Қ.Кемеңгерұлы ізбасарларының ішінде І.Кеңесбаевтың 1939 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» атты оқулығында көмекші етістік табиғатына байланысты біраз мағлұмат берілген. Ғалым көмекшілік қызметте көбірек жұмсалатын етістіктердің қатарында тұр, жүр, отыр, жатыр, баста, кел, жазда, көр, бар, бер, ал, қаш, қайт, е- т.б. көмекшілерін атайды. Ғалым талдауындағы баста, жазда, қаш, қайт сияқты етістіктер Қ.Кемеңгерұлы жіктеуіндегі көмекші етістіктердің қатарында кездеспейді. Аталған етістіктердің ішінде қаш, қайт етістіктері көмекші мәнде қолданылмайды. Алып қаш, алып қайт деген тіркестердегі екі компонент те дербес, толық мағыналы етістіктерден құралған. Мұндай күрделі етістіктерді А.Ысқақов құрама күрделі етістік немесе жай күрделі етістік деп атайды.