Экономикалық география. Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті. Табиғи-ресурстық әлеует – аумақтың экономикалық дамуының негізі болып табылатын
табиғат ресурстарының жиынтығы.
Қазақстанның табиғат ресурстарының басты ерекшеліктері: • Көлемі алуан түрлі, кешенді таралған, жоғарғы сапалы
• Елдің қажеттіліктерін өтейді, экспорттық әлеуеті мол
• Қаржылық түсімдерінің негізгі көзі
• Ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған.
Сарқылмайтын табиғат ресурстары – климаттық ресурстар Климаттық ресурстар пайдалануына қарай бөлінеді – энергетикалық, агроклиматтық, рекреациялық Ішкі су ресурстарының қоры – 115,3 млрд м³ Ел аумағына тиесілі су ресурсының қоры – 60,4 млрд м³ Көрші елдерден келетін су ресурстарының қоры – 54,9 млрд м³ Өзен ағындарының басым бөлігі тиесілі өзендер– Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле Оңтүстік Қазақстанға тиесілі судың үлесі – 62% Солтүстік Қазақстанға тиесілі судың үлесі – 30% Жалпы қуаты – 1,7 млн кВт-тан асатын ірі СЭС салынған өзен – Ертіс (оның құрамына Өскемен 334 кВт, Бұқтырма 675 кВт, ең ірісі Шүлбі 702 мВт) 1973-1992 жылдары жылдам нейтрондағы әлемдегі тұңғыш өндірістік АЭС (атом электр
станциясы) жұмыс жасаған қала – Ақтау 2018 жылы елдегі электр энергиясының Жел және Күн станциялары өндірген үлесі – 0,5% Еліміздегі жер ресурстарының қоры – 270,1 млн га.
Еліміздегі ауылшаруашылығына жарамды жердің үлесі – 82% Еліміздегі егістіке тиесілі жердің үлесі – 15%
Қазақстандағы орманның үлесі – 4,2% (сексеуіл орманы – 47,9%, қайыңды – 8,3%,
қарағайлы – 7,8%, майқарағай – 3,6% қамтиды)
Биологиялық ресурстардың ең маңызысы – балық, әсіресе бекіре балығы.