153
Раздел 4
Строительство.
Транспорт
Кіріспе
Ғимараттарда энергия үнемдеу және олардың
энергия тиімділігі – өткен ғасырдың 90-жылдары-
ның ортасынан бастап
құрылыстағы өзекті мін-
дет болып табылады. Материалдық және энерге-
тикалық ресурстардың шығындарын қысқарту,
оларды үнемдеу – мемлекетіміздің техникалық
саясатының негізгі бағытына айналды. Ресурсты
үнемдеу саласында
елеулі прогреске қол жеткіз-
ген алдыңғы қатарлы елдер парламенттер, кон-
грестер және басқа да заң шығарушы және үкімет-
тік органдар тарапынан заңнамалық, құқықтық,
қаржылық қолдауға ие болғанын әлемдік тәжіри-
бе көрсетті. Онда энергия үнемдеу
туралы ар-
найы заңдар және энергия үнемдеу бойынша
қаржыландырылатын мемлекеттік бағдарлама-
DOI 10.52209/1609-1825_2021_3_153
ӘОЖ 658.26(075.8)
Ғимараттардың энергия тиімділігі мәселелері
1
УТЕПБЕРГЕНОВА Лаура Мухтаровна, т.ғ.к., доцент, utepber78@mail.ru,
1
ТОЛКЫНБАЕВ Темирхан Анапияевич, т.ғ.д., профессор, декан, temtol1961@mail.ru,
1
*АБДУКАЛИКОВА Гулнара Момыновна, аға оқытушы, abdukalikova_gm@mail.ru,
1
ЕЛЕУСИНОВА Акмарал Едыгеевна, т.ғ.к., доцент, yeleussinova70@mail.ru,
1
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, 010008, Нұр-Сұлтан, Сәтпаев
көшесі, 2,
*автор-корреспондент.
Аңдатпа. Жұмыстың мақсаты – көп қабатты үйлердің энергия тиімділігі мәселелерін қарастыру. Энергия
үнемдеу шараларын қолдану міндеттері ашылды. Ғимараттың үй-жайларында көрсетілген жағдайларды
қамтамасыз ету үшін негізгі іс-шаралар мен инженерлік шешімдер сипатталған. Ғимараттардың энер-
гетикалық өнімділігін зерттеу тәсілі қарастырылып, олардың энергия тиімділігін оңтайландыру үшін
дұрыс шешімдер іздеу үш негізгі бағыттан тұратын күрделі өзара байланысты мәселелердің шешімін
анықтайды:
• үй-жайлардың микроклиматын ұйымдастыру;
• энергия шығындарын минимизациялау;
• ғимараттың тиімділігі, материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану.
Кілт сөздер: энергия үнемдеу, энергия тиімділігі, энергияны тұтыну, ғимараттардың инженерлік жүйе-
лері.
154
Труды университета №3 (84) • 2021
лар қабылданды. Энергия ресурстарын ұтымды
пайдалану саласындағы ең маңыздыларының
бірі «Энергия үнемдеу
және энергия тиімділігін
арттыру туралы» ҚР Заңы болып табылады [1].
Аталған Заң, сондай-ақ ҚР Үкіметінің қаулыла-
ры мемлекеттің халық шаруашылығының түрлі
салаларындағы, соның ішінде құрылыс секторын-
дағы ұзақ мерзімді энергия үнемдеу саясатын
айқындады.