65. Негізгі тізбектер Шашыранды жұлдыздық шоғарланулар көбінесе галактикалық жазықтық бойында, яғни Құс жолында немесе соған жақынырақ орналасады, олардың жалпы саны 1200 жетеді. Олардың көбі он, жүз сирек мың жұлдыздардан тұрады, сыртқы сипаттары онша дұрыс емес, диаметрлері 3-5 парсекке жетеді. Торпақ шоқжұлдызындағы Үркер деп аталатын топтар шашыранды шоғырлануға жатады. Ш.Мессьенің тізімі бойынша N45 деп белгіленеді. Үркерде жай көзбен – 7, телескоппен – 200 дей жұлдыздар байқалынады. Үркердің фотокескінінде 300-дей жұлдыздар байқалынады. Үркердегі жұлдыздар «спектр-жарқырау» диаграммасында негізгі тізбекте орналасады, оларда қызыл және аса алып жұлдыздар сирек кездеседі.Көбіне шарлық жұлдыз шоғырлары сфера немесе эллипсоид формалы болады, құрамында жүз мың немесе миллион жұлдыздар болады. Орташа есеп бойынша жарық шоғырлардың диаметрлері 30 парсекке дейін созылып жатады. Күн маңындағы 10 кубтық парсекте 1 жұлдыз кездесетін болса, ал шарлық шоғырланулардағы жұлдыз тығызыдығы бұдан мың есе артықтау болады, ал центрлерінде 1 кубтық парсекте 1000 жұлдыз орналасады. Анықталған 130 дан артық шарлық шоғырланулар аспанда біркелкі таралған. Галактиканың солтүстік аймағында жиірек кездеседі. Негізінде олар галактикалық экватордың екі жағында бірдей мөлшерде кездеседі деп ұйғарылады. Шарлық шоғырланулар Мерген шоқжұлдызының маңында жиірек таралады, олар Галактикада белігілі-бір сфераның ішінде орналасады. «Спектр-жарқырау» диаграммасында шарлық шоғырланудағы жұлдыздар төтенше және қызыл алыптардың вертикаль тармағында және қызыл алыптардың негізгі тармақтарының аздау жұлдыздар бар бөліктерін қосатын горизонталь тармақтарында жатады. Горизонталь тармақта үзіліс болады. Ол жерде айнымалы RR Лира типті жұлдыздар орналасады. Шашыранды және шарлық шоғырланулардан «спектр-жарқырау» диаграммасындағы орналасуындағы осы өзгешеліктер олардың жастарындағы айырма едәуір бар екендігін көрсетеді. Соңғы кездердегі деректер бойынша көптеген шарлық шоғырланулардың өте қуатты рентген сәулеленулері таралатындығы анықталды. Бұл құбылыс кейбір ғалымдардың болжамы бойынша «қара құрдымға» жұлдыз аралық газдың құлауынан болады делінеді