57. Хұсам Кәтибтің көтерген мәселелері 58. Хұсам Кәтиб мұрасын зерттеген ғалымдардың еңбектері 59. Құтыб Шайырдың ақындығы
57. Хұсам Кәтибтің көтерген мәселелері Шығыстың XIV ғасырдағы түркілік терең ойлы ақындарының қатарына Хұсам Кәтибті жатқызамыз. Жеке өмір баяны туралы мәліметтер аз болғанымен біздің ғасырымызға дейін рухани мұра болып жеткен «Жұмжұма сұлтан», «Жәһаннам» жырларының маңызы зор деген ойдамыз. Өйткені, бұл
еңбектер нағыз этикалық принциптер негізде жазылған. Бұл шығармалардың терең ойлары өмірдегі философиялық іргетастарды, мәндік негіздерді іздеуден тұрады. Хұсам Кәтиб өзінің оқырманымен сұхбаттаса отырып «Дүниеде мәңгіге жаралған нәрсе бар ма?» деген сауал қояды.
Кезінде ұлы пайғамбарлар болған пенделер қайда, ғашықтықтың теңізінде
жүзіп жүрген кейіпкерлер қайда, батырлар мен байлар қайда? дей келіп,
әлемнің жартысын билеген Шыңғыс хан да өткен жоқ па бұл дүниеден деген
тұжырымды келтіреді. Міне, осы жағдайдың өзі өмірлік қағида екенін жақсы түсінген Хұсам Кәтиб өмірден түңіліп, бұл дүниені жалған екен демейді, керісінше, болашаққа жасампаздықпен қарайтын ойды ұсынады.
«Жұмжұма сұлтан» поэмасында көтерілген мәселелер: бұл тіршілікте асып-тасып кетуге болмайтындығын, адамның ғұмырлық міндеті қайырымдылық жасау қажеттігі.Бұл өмір мәндік мәселелер екенін белгілі және олар этикалық нормаларға
сүйену арқылы шешімін табатаындығын айтады.
Жұмжұманың тағдыры адамзат тарихында талай қайталануы мүмкіндігін өзінен кейінгі ұрпаққа ескертіп отырғаны байқалады. Шынымен де өмірдің барлық кіндігін, іргетасын тек материалдық байлықтан іздеу қазіргі заманға тән
әдет, дәстүр екенін жасыруға болмайды. Нарықтық қатынастардың мақсаты да сол сияқты Сөйтіп, ақын Жұмжұма сұлтанды сөйлете отырып, өз заманының ғана емес,
одан кейінгі ғасырлардың мықтымын деген пендерлеріне данагөйлікпен
ескертпе жасайды. Адамның мәні табиғи әлсіздігін қанағаттандыруда емес,
рухани дүниесінде екендігіне жақын емеурінді білдіреді, оқырманын
ойлантады, өзі де бірге ойланады. Келесі «Жәһаннам» жыры «Жұмжұма сұлтанның» жалғасы іспетті. Бұл жырдың да көтерген мәселесі: адамзат, өмір мәселесі. Автор бұл жырда адамның ішкі табиғатының әр қилылығын сипаттай келіп, әрбір пендеге тән кемшіліктердің жан-жақты қырларын ашып көрсетеді.
58. Хұсам Кәтиб мұрасын зерттеген ғалымдардың еңбектері Алтын Орда тұсында дүниеге келген шығармалардың бipi ~ «Жұмжұма сұлтан». Кейбір қолжазбаларда «Жұмжұма сұлтан», «Дастан-е Жұмұма сұлтан» деген атаумен кездеседі. Авторы - Хусам Кәтиб. Автордың бұдан басқа қандай еңбектер жазғандығы туралы мәлімет жоқ. Орта ғасырларда жазылған бұл әдеби жәдігерді әр жылдары Ф. Көпрүлү, Н.Эргун, Э. Бертельс секілді белгілі түркітанушылармен қатар, Ж.Алмаз, Х.Усманов, Ш.Абилов, Х.Хаков, Р.Курбатова, Х.Миннегулов, А.Қыраубаева, Р.Исламов, А.Исламова секілді ғалымдар зерделеп, шығарманың көркемдік һәм тілдік ерекшелігі туралы өз пікірлерін ортаға салды. Осылардың ішінде «Жұмжұма» дастанының қолжазбаларына мәтінтанулық зерттеулер жасаған Х.Усманов пен осы ескерткіштің тілдік ерекшелігі туралы арнайы диссертациялық жұмыс жасаған А.Исламованың ізденістерінің орны бөлек. Сондай-ақ қазақ әдебиеті тарихында алғашқылардың бірі болып, дастанды қазақ тіліне ықшамдап аударып жариялаған А.Қыраубаеваның еңбегін ерекше атап өткен жөн.
59. Құтыб Шайырдың ақындығы Еділ сағасындағы Сарай қаласынан шыққан аса көрнекті ақынның бірі Құтыб. Құтыб ақынды қыпшақтар арасында «Құтбы» немесе «Құтып шайыр» деп те атай берген. Құтыбтың біздің дәуірімізге дейін сақталған жалғыз шығармасы бар. Ол «Хұсрау уа Шырын» дастаны. Бұл шығарма- азербайжан халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Ілияс Жүсіпұлы Низамидің «Хұсрау мен Шырын» атты поэмасының аудармасы.Оны түпнұсқадан, яғни парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударма жасаған ақын Құтыбболды. Құтб ақынның бұл дастаны қазақ оқырманы арасында ерте кезден-ақ тарағаны жақсы мәлім. Дастанды Таныбек пен Ханша Малика-Хатунға арнайды. Дастан 4740 бәйіттен,120 парақтан, 240 беттен, 91 тараудан тұрады.
Дастан көркем аударма әдісі арқылы жазылған. Шығыс поэзиясының ең таңдаулы үлгілерін көркем аударма жасаудың кеңінен тараған кезінде өзіндік бірнеше түрлі дәстүрі, әдісі болған. Мәселен, назирагөйлік әдісінде өзінен бұрынғы ақын жазған сюжетті, образды, тақырыпты бетке ұстай отырып, аудармашы идеясы мен мазмұны, көркемдігі мен формасы жағынан мүлдем жаңа шығарма жазып шыққан. Ал, көркем аударма әдісі бұдан өзгешелеу болып келеді. Мұндай әдісті қолданғанда аудармашы-ақын өз жанынан азды-көпті өзгерістер, жеке эпизод, ой-пікірлер енгізуі мүмкін болған, Дегенмен түпнұсқаның жанры мен негізгі ерекшеліктері сақталып отырған. Құтыб поэмасының құрылымы парсы поэмаларының қалыпты дəстүрін еске салады. Сонымен, Құтыбтың «Хұсрау-Шырын» туындысында низами поэмасының құрылымы мен сюжеттеріндегі негізгі белгілер сақталған. Құтыб поэмасының жекелеген бөлімдері қысқарған: тұтас алғанда, Құтыб поэмасының көлемі низами шығармасынан 1500 бəйітке кем түседі.
Поэма дəстүрлі арнау-бөлімдерден басталады. Сол бөлімдердің бірін автор ұстазы низамиге арнапты. Поэмада софылық сарын басым.