112. Риторикалық сұрау (лепті сұрау) – ойды, сезімді
әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені
әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.
113. Қайталау - сөз әсерін күшейте отырып оқырман назарын
айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше
мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият
сіңіре түсу
114. Эпифора (кезекті қайталау) - өлең тармақтарының
соңында бір сөз тіркесінің қайталанып келуі, Бұл қажетті бір
ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру
үшін қолданылады. Мысалы,
Оқ жаңбырдай жауған күн,
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын куға төнген күн.
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн… (Махамбет)
115. Дулат Бабатайұлының шығармашылығы:
«О, Ақтан жас. Ақтан жас!», «Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Са- рыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Сүлейменге», «Ба- раққа». «Кенесбайға» атты өлеңдері бар.
116. Поэмалары: «Еспенбет», «Шаштараз».
117. 1880 жылы Қазан қаласында
«Өсиетнама» атты өлеңдер
жинағы жарық көрген.
118. Өлең-жырларының басты тақырыбы – отаршылдыққа
қарсы күрес.
119. Дулат поэзиясы жөнінде ғалым
Құлмат Өмірәлиев: «Дулат – өзі көтерген, сөз еткен тақырыбымен XIX ғасырдың
бірінші жартысындағы ақындардан қаншалықты оқшау, дара
тұрса, өлендеріне тән өлең өлшемдерімен де өз кезеңінің
поэзиясынан соншалықты ерекшеленіп тұрады».
Ы.Алтынсарин 120. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – ағартушы-педагог,
қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, балалар әдеби-
етінің атасы.
121. 1850 жылы тоғыз жасар Ыбырай Орынборда қазақ бала-
лары үшін ашылған мектепке оқуға түседі.
122. 1857 жылы мектепті үздік бітіріп, атасы