5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата05.12.2022
өлшемі128,59 Kb.
#55060
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
практика бастауыш

3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер
1. Сабақ құрылысында тәрбиелік және дидактикалық мақсаттар қойылуы
тиіс. Сабақтың өткізу түрі анықталуы тиіс және бүгінгі сабақ өткен сабақпен
байланысты болуы тиіс.
2. Сабақты дайындау және ұйымдастыру кезінде келесідей талаптар
қойылады: -жоспарлау, қажетті құралдар мен жабдықтардың түрлері мен
сандарын анықтау, оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларының
түрлерін анықтау.
3. Сабақтың мазмұны мен оқытуға келесі талаптар қойылады: - тәрбиелік
маңызы, табиғатқа сүйіспеншілік тудыру, ізденуге талпындыруы қажет.
4. Сабақ жүргізу техникасына келесі талаптар қойылады: - дауыс ырғағын
пайдалану, оқушылар шаршаған кезде демлауға ыңғайлы педагогикалық әдісті
қарастыру, ойын және тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.
 3.6 Практиканттың мінездемесінде көрсетілетін басты мағлұматтар
1. Студенттің қай мектепте практика өткені туралы мәлімет.
2. Практика кезінде өткізілген сабақтар саны.
3. Мұғалімнің орына және көмекшісі ретінде қанша сабақ өткізілді.
4. Студент бастауыштың пәні бойынша мектеп бағдарлмасын және
әдістемелік негіздерін меңгеру дәрежесі туралы мәлімет.
5. Жұмысты жоспарлау және конспектілер түзудегі икемі туралы мәлімет.
6. Бастауыш мұғалімінің іс әрекетіне сипаттама беру және бағалау.


7. Бастауыш пәні бойынша сыныптан тыс орындалған сабақтардың саны
мен сапасы туралы мәлімет.
8. Студенттің жауапкершілігі туралы мәлімет.
3.7 Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі
1.Күнделік
2.Күнтізбелік сабақ жоспары.
3.Күнделікті сабақ жоспары.
4.Тәрбие сағат жоспары.
5.Ашық сабақ жоспары.
6.Мінездеме.
7.Ашық тәрбие сағаты.
8.Күнделік дәптер.
9.Көрнекіліктер.
3.8. Студенттің практика кезіндегі жеке-өзіндік тапсырмаларды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет