5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін



бет60/68
Дата06.01.2022
өлшемі195,96 Kb.
#15901
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Әдістемелік нұсқау:

Тапсырманы орындау үшін осындай есептермен жұмыс істеу технологиясын білу керек.



1. Фигураның периметрін табуға берілген есептер

Үшбұрыштың, төртбұрыштың, көпбұрыштың периметрі ұғымы олардың барлық қабырғаларының қосындысы ретінде екінші сыныпта енгізіледі.

Үшінші сыныпта геометриялық фигуралардың периметрін өрнек қүру арқылы жазуға үйрету жүзеге асырылады:

- Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табумен көбейтудің үлестірімділік қасиетін енгізу барысында таныстыру;

- шаршының периметрін оның қасиетін білу негізінде табу;

- Күрделі геометриялық фигуралардың периметрін табу («М-3»,с.169, 170).



Тапсырма:

Суреттегі фигуралардың периметрін әр түрлі тәсілмен тап:

Шешуі:


    1. Қабырғасы 6см болатын шаршышың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз:

Р = 6 см + 6 см + 6 см + 6 см = 24 см

Р = 6 см ∙ 4 = 24 см

Жауабы: 24 см


    1. Қабырғалары 4см және 3см болатын тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз:

Р = 4 см + 3 см + 4 см + 3 см = 14 см

Р = (4 см + 3 см) ∙ 2 = 14 см

Р = 4 см ∙2 + 3 см ∙ 2 = 14 см

Жауабы: 14 см



    1. Қабырғасы 3 см болатын теңқабырғалы үшбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз:

Р = 3см + 3 см + 3 см = 9 см

Р = 3см ∙ 3 = 9 см

Жауабы: 9 см


    1. Қабырғалары 4 см, 4 см, 5 см болатын үшбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз:

Р = 4 см + 4 см + 5 см = 13 см

Р = 4 см ∙ 2 + 5 см = 13 см

Жауабы: 13 см



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет