5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі



бет4/15
Дата29.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#144869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kajimovakr 4

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Музыка сабағында балалар қандай іс-әрекетпен айналысады?
2.Музыка сабағының басқа пәндік сабақтарға тән ерекше айырмашылықтарын атаңыз.
3.Музыка сабағында ән айту барысында кездесетін қиыншылықтарды қалай шешуге болады?
4. Музыканы тыңдау әдістемесі.
5. Музыканы қабылдау әдістемесі.
№4 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Музыкалық білім берудің әдістері, оның саласын бағалау. Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері, оқытудың әдістері мен тәсілдерінің байланысы
Мақсаты:
1. Әдістердің сапасын бағалау, олардың музыкалық білім берудегі негізгі міндеттерінің байланысы.
2. Оқытудың алдыңғы қатарлы нақты тәсілдері : жалпы қорытындылау, “алға шығып кету және өткенге қайта оралу” (Д.Б.Кабалевский).
3. Музыка педагогикалық үрдістердің ішкі және сыртқы жақтарын білуде мәселелерді – іздеу әдісі, олардың заңдылықтары мен қозғаушы күштері (іздеу әдісі).
Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан, оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек орындалатын ән мен тыңдалатын музыка ғана емес, орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әрбір дыбысты өте әдемі мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Музыка сабағындағы қолданылатын әдіс –тәсілдерге тоқтала кетейік. “Алды шолу өткенге оралу” әдісі. Аталған әдістің мәнін-ол жаңа тақырыптарды бұрынғы өтілген сабақтардағы материалдарға сүйене отырып жүргізу мұғалім үшін бұл әдістің өте үлкен маңызы бар, егер де сабақта мұғалім “алды шолу өткенге оралу ” әдісіне жүгінер болса, онда ол сабақтың тиімділігін арттырып мына жағдайларды шеше алады:
а) Жаңа тақырып бұрынғы өтілген материал негізінде жеңілірек игеріледі.
б) өткен сабақ пысықталады.
в) мұғалім балалардың музыкалық білімін тереңдете, нығыздай байланыстыра түседі.
“Эмоциялық драматургия әдісі” сабақтың қызықты және нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді. Музыка сабағының басқа пәндік сабақтармен ұқсастығына, айырмашылығына тоқтала отырып, әр сабақтың өзінің бір–бірін қайталамайтын өрнектермен ерекшеленетінін айта кеткен жөн. Бұл әрине, музыка сабағы мұғалімнің шеберлігіне икемділігіне шығармашылық қасиетіне байланысты.
Сыныптардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты мұғалім музыкалық материалды іріктеуде жалпы талаптарды басшылыққа ала отырып, ауыстырып жүргізу мүмкін.
Әдістер, нысандар (топтық, ұжымдық, жеке), құралдар (фонограмма, ОТҚ (ТСО), альбомдар, суреттер, плакаттар, суреттер көрмесі, сигналды карточкалар және т.б.) сабақ сайын жоспарда белгіленеді.
Тәрбиелеу және оқыту үрдісінің оптималдық принципін меңгеру мүмкіндіктері:
- ғылыми негізде сабақты жоспарлау және жүргізу;
- сабақ нәтижелілігін болжау;
- оның мазмұнын үнемі жетілдіріп, өзгерту;
- минималды уақыт шығьшдарымен жоғары тиімділікке жету;
- сабақтың өзіне-өзі талдау жүргізу;
-оқушылар мен мұғалім және ата-аналар ұжымдарында жақсы микроклиматты құру және қолдау;
-қателерді ескере отырып, оқушының, өзінің, мектептің нақты мүмкіндіктеріне сай мақсатта оқи отырьш, педагогикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік беру. «Музыка» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Білім беру ұйымдары, оқушылардың қалай білім алуды үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне өзі сенімді, жауапты, зерделі оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырады және дамытады, оларға:
оқушылардың жеке пікірімен санаса отырып, олардың алдында меңгерген білімдері мен түсініктерін әрі қарай дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын мойындау;
жүйелі түрде іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды негіздеу және дамыта оқыту;
міндеттерді шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;
оқушыларды оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;
оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін және белсенді оқытуын қолдау;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет