Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақпараттық моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес.
Ақпараттық құзырлықтың деңгейін-төмендегідей міндеттер тобы:
ақпараттық бөлік міндеттері;
компьютерлік және ақпараттық техника бөлігінің міндеттері;
операциялық жүйелер бөлігінің міндеттері;
қолданбалы программалар бөлігінің міндеттері құрайды.
Ақпараттық педагогикалық орта -ақпараттық мәдениет пен қоғамдық және тұлғалық мәні бар құндылық ретінде есептелетін, білім маманының ақпараттық құзырлығын қалыптастыруға қажетті жағдайды құру мақсатындағы ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылымы.
Ақпараттық педагогикалық тезаурус -өзара түсіндірілетін және педагогикалық ұғымдардың және олардың өзара байланысының ашық кәсіби бағытталған жүйесі, ол қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы қазіргі білім беру маманының ақпараттық қызметінің мазмұны мен оны кәсіби дайындаудың бөлігі болып табылады.
Ақпараттық процесс -ақпараттық жүйелер мен мәліметтерді тарату құралдарымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қабылдау, қорландыру, өңдеу және тарату процесі.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратты алу, түрлендіру, сақтау, тарату және пайдалану әдістері мен құралдары.
Ақпараттық экология-әлеуметтік және табиғи ортадағы адамдардың салауатты ақпараттық өмір салтын қалыптастыру туралы ілім.
Ақпараттық этика-адамдарға қатысты рухани залалдықты жою мақсатында ақпаратпен қарым-қатынас жасау ережесі.
Ашық беру-бұл оқыту процесі өтетін белгілі бір білім деңгейіне жетуді жүзеге асыратын ұйымдастырылған, педагогикалық және ақпараттық технологиялар жүйесі.