Молекулалық рефракция. Сәуле толқынының тербеліс жиілігі үлкен, электромагниттік өрістегі тұрақты диполі бар полярлі молекула өте жиі тербелетін сәуле толқыны бір рет тербелгенде (≈10~10 сек) өз бағытын өзгертіп үлгермейді, сол сияқты орталықтағы оң зарядқа шоғырланған атомдардың ядролары да әлгі тұрақты қалпынан ауытқып, бағытталып үлгермейді. Сондықтан да мұндай жағдайдағы бағытталу да, атомдық поляризация да нөлге тең, ал толық поляризация тек злектрондық поляризацияға тең. Осындай күйдегі молекуланың электрондық поляризациясы атомдардың өзара ішкі байланысын, яғни химиялық өзгерісін, ауытқуын сипаттайды. Электрондық поляризацияның шамасы молекула үшін тұрақты, оны ғылыми еңбектер мен оқулықтарда молекулалық рефракция деп атайды да Rм немесе МК = ПЭ деп таңбалайды (рефракция атмосферада жарық сәулелерінің сынуы деген ұғымды білдіреді).
Егер (4) теңдеудегі шамалардың өлшем бірліктерінің мәнін орнына койсақ, рефракция өлшемінің 1 см3, 1 м3-пен, яғни көлемдік екенін көреміз, олай болса рефракция бір мольдегі заттарға қатысты барлық молекулалардың қосынды көлемін көрсетіп, ондағы әрбір молекула злектрондарының поляризациялану қабілетін жинап, сипаттайды. Молекулалық рефракция заттың температурасы мен агрегаттық күйіне тәуелді емес, яғни белгілі бір таза затты газға, сұйыққа, қатты күйге айналдырып, молекулалық рефракциясын өлшесек, ол тек сол затқа тән бір мәнді көрсетеді. Молекулалық рефракция скаляр шама, ол меншікті салмақ, көлем секілді бағытсыз өлшем, бұл оның дипольдік моменттен өзгешелігі.
Молекулалық рефракция аддитивтілік заңға бағынады. Берілген күрделі химиялық қосылыстың молекулалық рефракциясы оның құрамына енетін әрбір атомының электрондық рефракцияларының қосындысына тең. Атомдағы электрондық құбылыс тек химиялық валенттілікті сипаттайтынын біз қарастырдық. Демек, молекулалық рефракция әрбір атом табиғатын көрсетіп қана қоймай, ондағы әрбір валенттілік байланыстарды да сипаттайды. Мысалы, біз жададан органикалық қосылыс синтездеп алсақ, оның қайнау температурасын, молекулалық салмақ, құрамын анықтаймыз, оптикалық сыну көрсеткішін өлшеп, меншікті салмағын есептейміз. Осы деректерді (4) теңдеуге қойып, оның молекулалық рефракциясьш есептеп шығарамыз, мұны тәжірибе нәтижесінде табылған рефракция дейді. Синтездеп алған қосылыстың құрамын, құрылысын болжап, ондағы атомдар арасындағы байланыс бойынша, соларға қатынасы бар мәндегі өлшемді анықтамадан тауып, орнына қоямыз да, есептейміз және мұны есептелген рефракция дейміз. Егер осы есептелген рефракция мәні, тәжірибе нәтижесінде алынғанға тең не жуық болса, онда біздің болжауымыздың дұрыс болғаны. Осылайша белгісіз қосылыстың молекулалық құрамын, кұрылысын анықтауға болады. Осы тұста ескеретін бір жай, зерттелетін қосылыс құрамында, этиленді, ацетиленді байланыстар болса, онда оларға қосымша түзетулер енгізуді ұмытпау керек.