«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет45/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190
 


51 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
Пәнді оқыту үдерісінде «Қазақ философиясы» феномені зерттеледі. 
Оны меңгеру барысында студент ұлттық философияның негізгі 
концептерімен танысып, қазақ философиясының көрнекті өкілдерінің 
еңбектерін талдайды. 
Осы пәнді оқыту студенттердің қазақ халқының философиялық 
дүниетанымын игеруіне, олардың бойында ұлттық патриотизм, Қазақстан 
азаматының терең тұлғалық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Пәннің зерттеу объектісі – қазақ философиясының қалыптасуы және 
даму кезеңдері.
Пәннің зерттеу әдістері – тарихилық пен логикалықтың өзара 
байланысы, жүйелі талдау, салыстыру, реконструкция, герменевтикалық 
және өмірбаяндық. 
«Қазақ философиясы» пәнінің мақсаты – студенттерге қазақ 
философиясы туралы жан-жақты білім беру. 
Пәнннің міндеттері

студенттерді қазақ философиясының негізгі өкілдерімен және 
олардың еңбектерімен таныстыру; 

қазақ 
философиясының 
негізгі 
ерекшеліктерін 
және 
төлтумалылығын терең меңгерту;

қазақтың рухани мәдениетіндегі «қазақ философиясының» орнын 
анықтау. 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Қазақ философиясының пәні, зерттеу әдістемесі және қалыптасу 
алғышарттары 
Қазақ философиясының пәні, оны зерттеудің әдістемелік мәселелері 
және негізгі концепциялары. Қазақ философиялық ойының әлемдік 
философиядағы орны. Қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының 
дүниетанымдық 
негіздері, 
құрылымы, 
тарихи-мәдени 
бастаулары, 
ерекшеліктері, дәстүрлері мен бағыттары. Қазақ философиясының даму 
кезеңдері.
Арғықазақтардың мифологиясы және алғыфилософиясы 
Қазақ халқы ойлау мәдениетінің мифологиялық бастаулары. Дүниенің 
жаратылуы 
туралы 
ежелгі 
түсініктер. 
Ежелгі 
қазақ 
халқының 
дүниетанымдық бағдарлары мен бастапқы категориялары және олардың 
арақатынасы. Сақтардың, үйсіндердің, ғұндардың, қаңлылардың, наным-
сенімдері мен мифологиясы.
Ежелгі түркі дүниетанымы және оның ерекшеліктері. Ежелгі түркі 
жазба ескерткіштері. Орхон мәтіндеріндегі дүниетанымдық бағдарлар. 


52 
Дәстүрлі түркі дүниетанымының негізгі категориялары. Түркілік дәстүрлі 
дүниетанымдағы этикалық, онтологиялық және антропологиялық мәселелер.
Қорқыттың 
рухани 
мұрасындағы 
діни, 
мифологиялық, 
натурфилософиялық және дүниетанымдық ойтолғамдар. Адам болмысының 
мәні мен мағынасы. Өмір және өлім мәселелері. Өліммен күресу әрекетінің 
философиялық мәні. Мәңгілік өмір жолында күресу, әуен арқылы ажалды 
жеңу философиясы. Қорқыттың қазақ философиялық ойының дамуына 
тигізген әсері және адамзаттың ақыл-ой қазынасымен байланысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет