«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Болмыс құрылымындағы кеңістік пен уақыт



Pdf көрінісі
бет72/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   190
Байланысты:
5В020100-Философия

Болмыс құрылымындағы кеңістік пен уақыт 
Кеңістік және уақыт материя болмысының формалары. Кеңістік пен 
уақыттың 
өлшемділік 
және 
топологиялық 
сапалары. 
Ұзақтылық, 
бірыңғайлылық, изотроптылық және үшөлшемділік, қайтымсыздық 
кеңістіктің қасиеттері. Кеңістік пен уақыттың субстанциялық және 
реляциондық тұжырымдамалары. Салыстырмалы теориясы және кеңістік пен 
уақыттың субстанциялық тұжырымдамасынан бас тарту.
Әлеуметтік кеңістік пен уақыт әлеуметтік блмыстың формалары. 
Әлеуметтік кеңістік және оның құрылымы. Әлеуметтік болмыстың дамуы 
өркениет дамуының нәтижесі мен шарты.
Жүйелілік және өздігінше ұйымдасу 
Материалдық жүйелердің өздігінен ұйымдасуы ХХ және ХХІ 
ғасырдағы ғылымдағы орталық мәселелердің бірі.Өздігінен ұйымдасу 
тұжырымдамасы (синергетика) және табиғи процестерді түпкілікті жаңаша 
түсіндіру.
Г. Хакеннің «Синергетика» және И.Пригожин мен И. Стенгерстің 
Хаостан пайда болған тәртіп туындылары. Материя ұйымдасуының барлық 
құрылымдық деңгейлеріндегі өздігінен ұйымдасудың жалпы қағидаларының 
сипаттамасы. Энтропияяның өрлеу заңы. Энтропия, хаос, теңсіздік, 
бейсызықтық және тұрақтылық синергетиканың орталық категориясы. 
Өздігінен ұйымдасу феноменінің диссипативті құрылым ұғымымен 
байланысы. Диссипативті құрылымның элементтерінің когерентті қалпы 
өздігінен ұйымдасу процесінің сипаты ретінде.
«Құрылым», «элемент», «жүйе» ұғымдары. Жүйенің типтері. 
Жүйелілік материя өмір сүруінің тәсілі. Жүйенің формасы мен мазмұны. 
Бүтін мен бөлік. Бүтіндік антиномиясы. Кез-келген уақыттық-кеңістіктік 
масштабтағы материяның ұйымдасуы.
Детерминизм 
Детерминизм ұғымы. Детерминизм табиғи, әлеуметтік және 
психикалық құбылыстардың шартталғандығы туралы ілім. Детерминизм мен 
индетерминизм. Материалдық жүйелер мен процестердің жалпылама 
шартталғандығы. Каузалды детерминация. Себептілік принципі. Себеп пен 
салдар. Себептілік тізбегі. Себептесу процестерінің механизмі. Шарт пен 
себептің арақатынасы. Кондиционализм. Монокаузализм. Толық себеп 
ұғымы және 
кондиционализм мен 
монокаузализмнің 
«түсірілуі». 
Детерминацияның себепсіздік түрлері. Мақсатты (теленомды) детерминация.  


81 
Обьективті заң. Заңның түрлері. Табиғат заңдары: жалпылық, 
қажеттілік, тұрақтылық, шарт. Динамикалық заң. Ықтималдық-тұрақтылық 
заңдар. Қажеттілік пен кездейсоқтық. Мүмкіндік пен шындық. Мүмкіндіктің 
түрлері. Абстрактылы және нақты, формальды және шынайы, қайтымды 
және қайтымсыз, мәнді және мәнсіз мүмкіндіктер. Саясат – мүмкіндік өнері. 
Қажеттілік пен кездейсоқтық. Еркіндік және жауапкершілік.
Даму 
Даму ұғымы. Даму диалектика меңгерудің негізгі пәні. Диалектика 
ойлау мен қоғамның, табиғаттың дамуының неғұрлым жалпы заңдылықтары 
туралы ғылым. Дамуға бағытталу диалектиканың өлшемі. Дамудың үлгілері.
Объективті және субъективті диалектика. Диалектиканың үш заңы даму 
сипатының әр түрлі тәсілдері.
Диалектикалық ситез заңы – прогреске бағытталған өзгерістердің 
формасы мен сипатының сипаттамасы. Терістеудің жалпылама сипаты. 
Деструктивті және конструктивті терістеу.
Сандық өзгерістердің сапа өзгерістеріне өзара ауысу заңы жаңа 
сапаның туындауының тетіктерінің сипаты. Сапалық өзгерістердің сандық 
өзгерістермен шартталуы. Өлшем сапа мен санның өзара байланысының 
көрінісі. Қарама-қарсылықтардың диалектиалық қайшылығы дамудың 
қозғаушы күші, көзі. Диалектикалық қайшылық заңының жалпылығы. 
«Қарама-қарсылық», «бірлік», «күрес» ұғымдары. Үйлесімділік пен 
үйлесімсіздік және жанжал 

қайшылықтар дамуындағы кезең. 
Диалектикалық қайшылық заңы дамудың әрбір сәтіндегі анықтаушы әсер. 
Диалектикалық қайшылық заңының кез-келген масштабтағы және кез-келген 
өмір сүру сатысындағы, нәрсенің дамуындағы көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет