1860 ж. Жетісудағы әскери операциялар. Ұзынағаш шайқасы. 1863 ж. полковник
Черняев пен подполковник Лерхе отрядтарының әрекеттері. Алдыңғы қатарлы
Жаңа Қоқанд линиясын құру жарлығы. Шымкент, Сайрамның алынуы. Жетісу
мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей құрамына енуі.
Патша әскерлерінің Қоқан және Бұхараға қарсы жаулап алу жорықтары.
Қоқан хандығының жойылуы және Түркістан облысының құрылуы. Хиуаның
тізе бүгуі. ХІХ ғасырдың 60-жылдарының ортасында Қазақстан
территориясының Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның Ресейге
қосылуы мәселесін зерттеудегі жаңа тәсілдер.
Достарыңызбен бөлісу: