Франция Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық және
саяси дамуы. Ж. Клемансо. Париж бітім конференциясының қорытындылары.
Францияның халықаралық жағдайының нығаюы. 1919 ж. парламенттік сайлау.
Ұлттық одақтың жеңісі. Ұлттық одақ үкіметінің ішкі саясаты және әлеуметттік
заңдары.
Экономиканың тұрақтануының ерекшеліктері. 1924 ж. сайлау. «Солшыл
одақ» үкіметі. Э. Эррио. Қаржылық дағдарыс. Солшыл одақтың құлауы.
«Ұлттық бірлесу» үкіметі. Р. Пуанкаре.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары.
Саяси күрестің шиеленісуі. Үкіметтің дағдарыспен күресу саясаты. Дирижизм.
Екінші «солшыл одақтың» құрылуы. Фашистік қозғалыс. 1934 ж. ақпан
оқиғалары.
Антифашистік күштердің бірлігі туралы мәселе. Халықтық майданның
құрылуы және оның сайлау алдындағы бағдарламасы. 1936 ж. парламенттік
сайлау. Халықтық майдан үкіметі. Л. Блюм. Халықтық майдан үкіметінің
реформалары. Халықтық майдандағы алауыздықтар және оның ыдырауы.
Францияның сыртқы саясаты. Халықаралық қатынастардың Версаль-
Вашингтон жүйесін жасауға қатысу. «Кіші Антанта» идеясы. Рур дағдарысы
және француз-герман қатынастарының шиеленісуі. Франция және Ұлттар
лигасы. 30-жылдардағы Францияның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру
бағытындағы әрекеттері. Л. Барту. Шығыс пактісін құру идеясы.