5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша


Курстың  бағдарламасы  мазмұнының  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет227/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   552
Байланысты:
бакалавриат История

Курстың  бағдарламасы  мазмұнының  ерекшеліктері.  Типтік 
бағдарламаның  мазмұны  мен  құрылымы  мамандықтың  профилін  ескереді, 
яғни  пән  поблемалары  тарихи  аспектіде,  бірақ  саясаттану,  әлеуметтану 
және  басқа  да  әлеуметтік-саяси  пәндермен  тығыз  пәнаралық  байланыста 
қарастырылады. 
Бағдарлама  авторлары  елдің  әлемдік  білім  кеңістігіне  интеграциялану 
және білім беру саласында халықаралық конвенцияға қосылуға байланысты 
оны заманауи оқу технологиясын ескере отырып жасауға тырысты.  
Курсты  оқып-үйрену  пәнінің  хронологиялық  шеңбері  Қазақстанның 
тәуелсіздігін алудан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды.  
Курстың  негізгі  мақсаты  Қазақстан  Республикасының  әлемдік 
қауымдастықтағы  орны  мен  рөлін  айқындау,  үйлестірілген  және  көпвекторлы 
сыртқы саясатының негізгі факторлары мен бағыттарын ашып көрсету. 
Пәннің  пререквизиттері  келесі  курстар:  Жаңа  заманғы  Қазақстан  тарихы, 
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы, Қазақстан Республикасының тарихы, Дүние 
жүзінің тарихы.   


 
 
Бұл курсты оқып-үйренуде студенттер келесі білім, икем және машықтарды 
игеру керек: тарихи принцип негізінде өткен тарихты талдай білу, тарихи және 
саяси картамен жақсы жұмыс істей білу, баяндамаларды жазумен және ауызша 
материалды  дұрыс  баяндаумен,  өзінің  тұжырымдарын  дәлелді  негіздеуге, 
практикалық  сабақтарға дайындалу  барысында  ғылыми  әдебиетке өзіндік және 
сыни көзқарасқа байланысты машықтарды меңгеру. 
Курстың  постреквизиттері:  ҚР  сыртқы  саясаты,  халықаралық  қатынастар 
тарихы, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану. 
Типтік  бағдарлама  бөлімдерінің  материалдары  студенттерге  Қазақстан 
Республикасы  сыртқы  саясатының  тарихын,  республиканың  әлемдік 
қауымдастықтағы рөлі мен орнын терең және тұтас ұғынуға, берілген жағдайды 
талдау кезінде пән бойынша игерген білімді қолдануға, сабақтас пәндерді оқып-
үйренуге,  ұлттық  басымдылықтарға,  уақыт  талаптары  мен  шындықтарына 
сәйкес үйлесімді тарихи сана мен дүниетанымдық принциптердің қалыптасуына 
мүмкіндік береді.  
Курстың  теориялық-әдістемелік  негізін  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
еңбектері,  Қ.К.Тоқаевтың,  С.И.Абдулпаттаевтың  қазақстандық  дипломатияның 
тарихы бойынша еңбектері құрайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет