5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша


Қазақстан  Республикасы  және халықаралық ұйымдар



Pdf көрінісі
бет236/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   552
Байланысты:
бакалавриат История

 
Қазақстан  Республикасы  және халықаралық ұйымдар 
Қазақстан  Республикасы  және  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы.  Әлемдік 
қауымдастықтағы  БҰҰ-ның  орны  мен  рөлі  және  маңызы.  Қазақстанның 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  қабылдану  тарихы.  Қазақстанның    БҰҰ-ға  мүше 
болуы. Қазақстанның БҰҰ-да жасаған ұсыныстары және олардың жүзеге асу 
барысы. ҚР осы халықаралық ұйыммен өзара қарым-қатынасы. Қазақстан БҰҰ-
ның арнайы мекемелерінің жұмысына қатысуы. ҚР аумағында орналасқан БҰҰ 
ұйымдарының  қызметі.  Қазақстан  Республикасының  БҰҰ-ның  халықаралық 
институттарына  қатысуы:  Қазақстан  Республикасының  БҰҰ-ның  айналадағы 
орта  жөніндегі  бағдарламасы  (ЮНЕП),  БҰҰ-ның  балалар  қоры,  БҰҰ-ның 
босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (БЖКБ), БҰҰ-ның 
білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымымен (ЮНЕСКО) 
ынтымақтастығы.  Қазақстанның  БҰҰ-ның  дамыту  бағдарламасы,  БҰҰ-ның 
Еуропалық  экономикалық  комиссиясы  (ЕЭК),  БҰҰ-ның  халықты  орналастыру 
қоры (ЮНПФ) және т.б. байланыстары.  Қазақстан Республикасының БҰҰ–мен 
және оның жүйесінің ұйымдарымен ынтымақтастығының одан әрі кеңеюі.  
Қазақстан  және  ЕҚЫҰ.  Қазақстанның  Европадағы  қауіпсіздік  және 
ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымымен  (ЕҚЫҰ)  саяси  ынтымақтастығы. 
Қазақстанның  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымға 
(ЕҚЫҰ) кіруі, ЕҚЫҰ-ның 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінде және де 
басқа  құжаттарында  белгіленген  принциптерді  іс  жүзіне  асыруға  мүмкіндік 
беретін жалпыеуропалық процестерге белсенді қатысуы. ҚР осы ұйыммен саяси 
ынтымақтастығының артуы. 2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше 
мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан 
Ұйымның  2010  жылғы  төрағасы  болып  сайлануы.  ҚР  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық 
қызметі.  Төрағалық  қызметтегі  елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  еңбегі  мен  алатын 
орны. Астана саммиті және Астана Декларациясы. ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық 
қызметіне жетекші әлемдік ұйымдар мен саясаткерлердің берген бағасы. 
Қазақстан  Республикасының  ислам  әлемі  және  түрік  тілдес  елдері 
халықаралық 
ұйымдарымен 
ынтымақтастығы. 
Қазақстанның 
Ислам 
Конференциясы ұйымына  (ИКҰ) қатысуы. Қазақстан Республикасының Ислам 
Конференциясы  Ұйымындағы  Тұрақты  өкілдігінің  ашылуы.  Астанада  2011  ж. 
маусымда  өткен  Ислам  Ынтымақтастығы  Ұйымына  (ИЫҰ)  мүше  мемлекеттер 
Сыртқы  істер  министрлері  кеңесінің  38-сессиясы  және  ондағы  ҚР  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  сөйлеген  сөзі.  Қазақстан  Республикасының  Ислам 
Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалығы.  Қазақстан  және  ТЮРКСОЙ.  Қазақстан 
Республикасының  Ислам  Конференциясы  Ұйымы  (ИКҰ)  және  Түріксоймен 
(Түркі  халықтарының  өнері  мен  мәдениетін  дамытуға  ықпал  жасайтын 
халықаралық  ұйым)  өзара  қарым-қатынасы.  Қазақстанның  осы  ұйымдармен 


 
 
ынтымақтастығының  мақсаты  мен  міндеттері.  Бұл  ұйымдардың  ислам  және 
түрік әлемі елдерінің өнері мен мәдениетін дамытуға ықпалы.  
Экологиялық  проблемалар  және  қазақстандық  дипломатия.  Қазақстандағы 
күрделі  экологиялық  аймақтар  және  олардың  жағдайы.  Арал,  Семей  ядролық 
полигоны  және  т.б.  экологиялық  қатерлі  аймақтар.  ҚР  экологиялық 
проблемаларды шешу жолындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет