5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет263/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   552
Байланысты:
бакалавриат История

Франция 
Бурбондар билігін қалпына келтіру. 1814 ж. хартия. А. Ришелье үкіметінің 
заңдары. Әлеуметтік-экономикалық даму. Индустриаландырудың ерекшеліктері. 
Француз либералдизмі. Әскердегі бонапартистік қозғалыс.  Карбонарийлер.   
1830  ж.  шілде  революциясы  және  билеуші  әулеттің  ауысуы.  Билікке 
қаржылық  аристократияның  келуі.  1830  ж.  хартия.Экономиканың  дамуының 
ерекшеліктері.  Лион  көтерілістері.  Саяси  күрес  және  оппозицияның  құрамы. 
Сайлау реформасы үшін күрес.   
1848-
1849  жж.  революция.  Уақытша  үкіметтің  декреттері.  Құрылтай 
жиналысы.  Кавеньяк.  Париж  жұмысшыларының  маусым  көтерілісі.  1848  ж. 
президенттік сайлау. Заң шығару жиналысы.  Саяси реакцияның күшеюі. 1851 ж. 
мемлекеттік  төңкеріс.  1852  ж.  конституция.    Екінші  империя.    Екінші 
империяның саяси режимі. Сыртқы саясат.    
Екінші  империяның  құлауы.  1871  ж.  Париж  коммунасы.    Монархияны 
қалпына  келтіруге  әрекет  жасау.  Үшінші  республиканың  жариялануы. 
Конституцияны  дайындау.  Байсалды  республикашылдардың  реформалары.  
Дрейфустың ісі. Радикалдардың реформалары.  


 
 
Өнеркәсіптік  төңкерістің  аяқталуы.  Радикалдық  кабинеттер,  олардың  ішкі 
және  сыртқы  саясаты.  «Мильеранның  казусы»  және  француз  социалистік 
қозғалысының  жіктелуі.  Біріккен  социалистік  партияның  құрылуы.    Анархо-
синдикализм.  
 
Германия  
Германияның  бытыраңқылығының  сақталуы.  Австрияның  Герман 
одағындағы басшылық рөлі. Экономикалық дамуы. Кедендік одақ. Өнеркәсіптік 
төңкерістің ерекшеліктері. Пруссия мен Австрияның герман жерлерін біріктіру 
процесіндегі бәсекелестігі.   
Герман либерализмі. «Жас Германия» қозғалысы. Жұмысшы қозғалысының 
дамуы.  Силезия  тоқымашыларының  көтерлісі.    В. Вейтлингтің  утопиялық 
идеологиясы. Революциялық ахуалдың қалыптасуы.  1848-1849 жж. революция. 
Революцияның  негізгі  ошақтары.  Шаруалар  және    революция.    Франкфурт 
парламенті.  «Жаңа  Рейн  газеті».  Пруссиядағы  мемлекеттік  төңкеріс. 
Революцияның  соңғы  кезеңі.  Империялық  конститутция  үшін  күрес.  1849  ж, 
мамыр көтерілістері. Революцияның сипаты, нәтижелері және жеңілу себептері.   
Германияны біріктіру жолындағы күрес. Өнеркәсіптік төңкерістің тереңдеуі 
және  герман  буржуазиясының  күшеюі.  Германияны  біріктіру  жолдары. 
«Кішігермандықтар»  және  «ұлыгермандықтар».  Пруссиядағы  конституциялық 
қақтығыс.  О. фон  Бисмарк  және  оның  саяси  бағдарламасы.  Солтүстік  герман 
одағының құрылуы. Францияға қарыс соғыс. Германияны біріктірудің аяқталуы.  
Герман  империясының  жариялануы.  Партиялық-саяси  жүйе.  Ауыр 
өнеркәсіптің  дамуы.  Жалпы  мемлекеттік  қайта  құрулардың  аяқталуы.  О.  фон 
Бисмарктың қызметтен кетуі. Вильгельм II. Л. фон Капривидің «жаңа бағыты».  
Жұмысшы және социалистік қозғалыс. Ф. Лассаль. Социал-демократиялық 
жұмысшы партиясының құрылуы.  А. Бебель  және В. Либкнехт. ГСДП Эрфурт 
бағдарламасы. Э. Бернштейн. ГСДП қатарында үш ағымның қалыптасуы.  
ХХ ғ. басындағы халықаралық дағдарыстар және Германияның оқшауланып 
қалуы. Ішкі саяси шиеленістің күшеюі. Елде саяси дағдарыстың пісіп-жетілуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет