Америка Құрама Штаттары ХІХ ғ. бірінші жартысында АҚШ территориясының ұлғаюы. Американ-
мексикан соғысы. Аграрлық мәселе. Өнеркәсіптік төңкерістің басталуы. Темір
жол құрылысы. Екі экономикалық аймақтың қалыптасуы. Фермерлік және
плантациялық шаруашылықтар. Аболиционизм. Ұлттық республикандардың
билігі. Демократтар заманы. Республикалық партияның құрылуы. А. Линкольн.
Азамат соғысы. Құлдықтың жойылуы және гомстедтер туралы заң.
Оңтүстікті қайта құру. Оңтүстік штаттардағы нәсілшілдік мәселесі. Оңтүстік
штаттардың федерацияға кірігуі.
Өнеркәсіптік төңкерістің аяқталуы. АҚШ әлемдік экономикада жетекші
орынға ие болуы. Монополиялардың дамуы. Иммиграция. Республикандардың
экономикалық саясаты. Либералдық реформизм, оның әлеуметтік және идеялық
бастаулары. «Прогрессизм дәуірі». Т. Рузвельт. Республикандық партияның
жіктелуі. 1912 ж. президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. В. Вильсон.