ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе «Кәсіби-бағдарлы шет тілі» – бұл студенттердің құзыретін
қалыптастыратын мамандық негізінде кәсіби-бағдарланған ағылшын тілін
теориялық білімде оқу пәні.
Нысаны. Мамандық аясында оқылатын «Кәсіби-бағытталған шет тілі»
пәнінің нысаны – ағылшын тілін түсінудегі терминдер мен ұғымдардың кәсіби
білім негізіне бағытталған мамандық мәнінің сипаттамасы.
Оқу пәнінің құралы Кәсіби-бағдарлы шет тілінің арнайы ғылымы мен
кәсіби ағылшын тілі метатіл болып табылады.
Тілдік дайындықтың екінші кезеңі мәдениаралық деңгейде студенттердің
танымдық және кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады, жеке студенттің
интеллектуалдық және эмоционалдық дамуын ынталандырады. Бұл даму
этапында студенттер коммуникативті-ойлау қызметінде шешілетін негізгі
мәселелерге өздірінің дайындықтарын көрсетеді. Жазу саласында ресми сипатта
тілдік мәліметтерді оқу және жазба сөздің нейтралды мысалдарын жауға
дағдылану және уйрену.
Бағдарлама мәтіндерді терең зерттеу үшін арналған: түсіндіру, аудару,
кәсіби мәтінді мазмұндау, сондай-ақ, студенттердің сөздік қорын кеңейту және
зерттелген лексикалық бірлікті талдау және ағылшын тілін меңгеру, әлеуметтік
және жеткілікті жалпы білім деңгейін қалыптастыру үшін арналған. Осы кезеңде
қоғамдық өмірдің түрлі салаларында тұлғааралық және мәдениаралық қарым-
қатынас құралы ретінде шет тілін жеткілікті еркін пайдалануды қамтамасыз
етеді, сөйлеу әрекетінің төрт түрін коммуникативтік дағдыларын
қалыптастырады.
Шет тілін оқытудағы бұл курс коммуникативті-мәдениаралық құзыреттің 4
қызметінің: аудио жазба, сөйлеу, оқу және хат негіздемелерін құрайды. Берілген
шеңберде В2 деңгейін меңгеру жүреді. Жалпы еуропалық құзырет шкаласы –
стандарттың базалық деңгейі.