5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет154/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   552
Курстың  мақсаты  ғылыми  негізде  қазақ  халқының  шығу  тегі  мәселесін 
ашу,  қазақ  мемлекеттігінің  шығуының  және  оның  дамуының,  этникалық 
территориясының  қалыптасуының  және  ұлттық  мәдениетінің  қайталанбас 
ерекшеліктерін ашып көрсету.  
Осыған байланысты мынадай міндеттер қойылады: 

студенттерді  ауқымды  фактологиялық  материалдармен  қазіргі 
Қазақстан  медиевистикасында  қабылданған  хронологиялық  тиянақтылық, 
кезеңдеу негіздерінде таныстыру; 

кейін  орта  ғасырлар  кезеңіндегі  (XIII  ғ.  басы  –  XVIII  ғ.  алғашқы 
ширегі)  Қазақстандағы  этносаяси  дамудың  бұрынғы  түркілік  кезеңмен  (VI-XII 
ғғ.) бөлінбес байланыстылығын көрсету; 

қазақ халқының қалыптасуының жалпы заңдылықтарын және өзіндік 
ерекшеліктерін ашу; 

Қазақстан  медиавистикасындағы  моңғол  басқыншылығының 
салдарлары  мәселесі  бойынша,  Ақ  Орда  және  Көк  Орда  туралы  тарихи 
концепциялар, қазақ халқының этногенез мәселесі бойынша, көшпелі халықтар 
мемлекеттігінің сипаты туралы және т.б. жөніндегі негізгі айтыстардан хабардар 
ету; 

Қазақтардың  ұлттық  мәдениетінің  қалыптасуының  өзіндік 
ерекшеліктерін көрсету және студенттерді қазақтардың бай материалдық, рухани 
мәдениетімен, сондай-ақ ауыз әдебиетімен таныстыру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет