лингвистикалық құзыретті қалыптастыру – тақырыпқа қатысты
лексикалық бірлікті дамыту дағдысы; негізгі терминдер мен ұғымдардан
тұратын пәрменді сөздіктердің дамуы; грамматикалық дағдыларды жетілдіру;
прагматикалық құзыретті қалыптастыру – кәсіби мазмұндағы мәтіндер
негізіндегі сұқпаттық және монологтік айтылымдарды қалыптастыру шеберлігі,
жазылым дағдыларын жетілдіру, коммуникативтік стратегияны өңдеу шеберлігі
(
белгілі бір сөйлесім жағдайына бейімделу);
когнитивтік құзыретті қалыптастыру – мәселелік тапсырмалар, ойын
тапсырмалары, мәтіндер бойынша: мәтінді біріздендіру дағдысы (мазмұнның
мәнін анықтау, сыни қабылдау, негізгі және қосымша ақпараттарды айыра білу);
мәтіннің мазмұнын ұғыну (сәйкестендіру, түсіндіру, жинақтау) дағдысы;
мәтіннің мазмұнын өзгерту (толықтыру, қайта құру, қажетті мазмұнды таңдау); ақпараттық құзыретті қалыптастыру – тілдік тұлғаның білім алу
шеңберіндегі, сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу
дағдылары. Түрлі нысандар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және
ақпараттық технологиялар (бейне, электрондық почта, әлеуметтік желілер,
Интернет т.б.) көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты талдау,
саралау, сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді.