отырып, осы пәндермен логикалық және мазмұндық-әдістемелік тұрғыдан
байланысты.
Бұл аралық пәндерде ежелгі Шығыс, Грекия және Рим тарихы бойынша
білімдер жинақталған. Бұл ең алдымен, саяси билік мекемелері, қоғамның саяси
дамуы теориясы, халықаралық саясат пен елшілік элементтері, сондай-ақ ежелгі
халықтардың мәдени мұрасына жататын философия саласындағы жетістіктер.
«Ежелгі дүние тарихы» пәнін игеру нәтижесінде студенттің алатын
Білімі:
–
ежелгі өркениеттер дамуының негізгі кезеңдері, сондай-ақ ежелгі Шығыс,
ежелгі Грекия мен Рим тарихының басты оқиғалары; ежелгі тарихтың көрнекті
қайраткерлері;
–
тарихи үдерістің қозғаушы күштері мен заңдылықтары; ондағы және
ежелгі қоғамдардың саяси ұйымындағы адамның орны;
–
ежелгі шығыс, ежелгі грек және ежелгі рим тарихына баға беру мен
оларды дәуірлерге бөлудегі дәстүрлі және заманауи көзқарастар;
–
ежелгі қоғамдар мен мемлекеттердің тарихи дамуы барысында
қалыптасқан аса маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: