Көлемі - 3 кредит Авторлары: Омарбеков Т.О. - тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан
тарихы кафедрасының профессоры
Хабижанова Г.Б. -тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан
тарихы кафедрасының профессоры
Пікір жазғандар: Нұртазина Н.Д. - тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университеттің профессоры
Мұхаметханұлы Н. - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеттің профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Бүгінгі жағдайда бір бөлігі ежелгі кезең болып табылатын объективті отан
тарихын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан кейін өскелең ұрпаққа өзінің еліне деген мақтаныш, әрі
патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында тарихи сана сезім қалыптастыруға
ықпал ететін фактор - шынайы тарихты жазу мәселесін алдыға қойды. Осы ретте
отан тарихының қазіргі замандағы жоғары білікті маманның азаматтық
ұстанымы мен моральдық кейпін қалыптастыруда негізгі рөл атқаратынын атап
өту қажет. Қазақстан тарихын әлемдік және отандық ғылымның өзекті де басты
мәселелерін қоса есептегенде әлемдік тарихи үдеріс контекстінде қарастырудағы
басты шешуші тенденция болып табылады.
Пәнді игеру алдында студенттің археология, этнология, қосымша тарихи
пәндер, ежелгі дүние тарихы сияқты пәндерді оқып-білуі қажет.
Курсты оқу барысында студенттің төмендегідей құзыреттіліктерді -
Қазақстанның ежелгі кезеңіндегі этномәдени және этносаяси үрдістерді
көшпелі өркениеттің генезисінің негізінде басты кезеңдері мен даму үрдістерін
білу;
-
өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті,
салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде
адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсете білуі қажет.