5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет64/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Құрылық көлігі. Маңызды құрылық көліктерінің негізгі түрлеріне теміржол, автомобиль және құбыр жолдары жатады.
Теміржол көлігі жүк айналымы жөнінен теңіз көлігінен, жолаушы айналымы жағынан автомобильден кейін екінші орын алады. 2013 жылғы мәлімет бойынша дүниежүзінің темірдол торының ұзындығы 657 млн км
Жалпы ұзындығы жөнінен (1,2 млн. шақырым) автомобюиль мен әуе көлігінен артта қалады. Темір жолдың атқаратын басты қызыметі ұзақ қашықтыққа өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерін (астық, металл, мұнай, тас көмір т.б.) тасмалдау. Басқа көлік түрлерінен ажырататын негізгі ерекшеліктеріне ауа райына, жыл мезгілдеріне қарамастан қозғалысының тұрақтылығын жатқызуға болады.
Теміржолдың даму деңгейі (ұзындығы, торының жиілігі, теміржолды электрлендірі дәрежесі т.б.) жөнінен дүние жүзінің ірі аймақтары мен жекелеген елдерінде үлкен айырмашылық байқалады. Қазіргі кезеңде тұтастай алғанда дүниежүзіндегі теміржол желілерінің ұзындығының кему үрдісі байқалуда. Жаңа теміржол желілерін салу негізінен дамушы елдерде ғана жүргізілуде. Теміржол желісінің ұзындығы жөнінен АҚШ (200 мың шақырым), Ресей (87,5), Канада (90), Үндістан, Қытай, Германия, Аустралия, Аргентина, Франция, Бразилия сияқты аумағы ірі елдер жетекші орын алады. Жоғарыда аталған елдердің үлесіне дүние жүзіндегі темір жолдың жалпы ұзындығының тең жартысы тиеді. Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінде теміржол өте жиі болуымен ерекшеленсе, Африка мен Азияның кейбір мемлекеттерінде теміржол мүлдем жоқ. Теміржолдың жиілігі жөнінен Еуропа елдері жетекші орын алады (олардың жиілігі Бельгияда әр бір мың шаршы шақырымға 133 шақырымнан Германия (125), Польшада (80), Жапонияда (75), Ұлыбританияда (70) келеді). Африкадағы теміржолдың орташа жиілігі әр мың шаршы шақырымға шаққанда небары 2,7 шақырымды құрайды. Теміржолды электрлендіру деңгейі жағынан Еуропаның барлық елдері жетекші орын алады Швейцарияда теміржолдың 100%-ға жуығы, Швецияда 65%-ы, Италия, Аустрия мен Испанияда 50%-дан астам, Ресейде 43% электрлендірілген.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде теміржол табандарының аралығы әртүрлі болады. ТМД елдерінде теміржолдың екі табанының аралығы Шығыс және Батыс Еуропа елдерінікіне қарағанда біршама енді болып келеді. Тұтастай алғанда Батыс Еуропаның темір жолдарының үлесінге дүние жүзінде тасмалданатын жүктің 3/4 бөлігі тиесілі. Жүк айналымы жөнінен АҚШ, Қытай және Ресей; жолаушы айналымынан Жапония, (395 млрд). Жолаушы шақырым Қытай (354), Үндістан (320), Ресей (192), Германия (60) дүние жүзінде жетекші орын алады. АҚШ, Жапония, Германия, Франция сияқты бірқатар экономикасы дамыған елдерде аса жоғары жылдамдықтағы теміржол көлігі (жылдамдығы 200 км/с-тан асатын) құрылған. ТМД, шетелдік Еуропа, Солтүстік Америка елдерінің темір жолдары аймақ ішілік біртұтас көлік жүйесіне біріктірілген.
Темір жол көлігігнің дамуындағы соңғы үдеріске жолаушылар мен пошта тасмалы үшін жоғары жылдамдықтағы магистральдарды жатқызуға болады. Олардың қатарына Жапониядағы ел ішіндегі ірі қалалар аралығында жолаушылар тасмалдауға арналған жоғары жылдамдықта «Синкансэн» теміржолын, француздың жоғары жылдамдықтағы TGV-электропоездар, Германиядағы Intercity-Express («халықаралық экспресс», сонымен қатар қысқартылған түрдегі ICE-атауымен белгілі) жедел жүрдек поездар желісін жатқызуға болады. Жоғары жылдамдықтағы темір жол желілері АҚШ мен Испанияғада тән. Бұл жолдардағы поездардың рекордты жылдамдығы 500 км /с-тан асты.
Еуропадан Азияға жүк тасмалдайтын бірлескен теміржол желісін құру жөніндегші аса ірі халықаралық жобалардың бірі Стамбул мен Сингапурды байланыстыратын ұзындығы 14 000 шақырымдық трансазия темір жолы болып табылады. Оны БҰҰ Азия - Тынық мұхиты елдері бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы үйлестіреді. 2001 жылы Трансазия теміржолының төменде көрсетілген төрт дәлізі құрылды:
а) Солтүстік дәліз (Германия - Польша, Беларусь - Россия - Қазақстан - Монғолия - Қытай - КХДР -Корея Республикасы);
ә) Оңтүстік дәліз (Түркия - Иран - Азия желісі; б) Солтүстік - Оңтүстік дәлізі (Солтүстік Еуропа - Парсы шығанағы елдері).
Негізгі жол Финляндиядан басталып Ресейден өтіп, одан үш бағытқа бөлінеді: бірі шығысқа, Қазақстан, Өзбекстан, Түрмения және Шығыс Иран барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет