дағдыларын(аннотациялау, түйіндемелеу), жазбаша және ауызша аудару
дағдыларын дамытуға аса көңіл бөледі.
Кәсіби-бағытталған шет тілін оқыту барысында мамандыққа байланысты
құзіреттерді дамытуға ықпал ететін белсенді оқыту әдістері кеңінен
пайдаланылады, олар – жоба жұмысы, дөңгелек үстел, интегративтік
тапсырмалар, (кеңес, халықаралық кеңестер, келіссөздер) және интерактивтік
тәсілдер (пікірталас, дебат, миға шабуыл, конференция, презентация, баяндама,
көпшілік алдында сөйлеу).
Негізгі қолданылатын оқу материалдары болашақ мамандардың жан-
жақты кәсіби құзіреттерін дамытуға бағытталған әр түрлі деңгейдегі
мамандыққа қатысты түпнұсқадағы мәтіндер, әдебиеттер және мультимедиалық
материалдардан тұрады.
Оқыту формасы
Төмендегідей оқыту формасы қарсатырылады:
- студенттерге оқытушының басшылығымен аудиториялық топтық сабақ
жүргізу;
- студенттің
аудиториялық
топтың
сабақ
кезінде
тексерілетін
оқытушының тапсырмасын міндетті түрде өз бетінше орындайтын жұмысы
(СӨЖ);
- кеңес беру кезінде тексерілетін оқытушының тапсырмасын міндетті
түрде өз бетінше орындайтын жұмысы (СӨОЖ);
- студенттің ынтасына сәйкес, оның қалауы бойынша оқытушының
басшылығымен аудиториядан тыс, әртүрлі формада (үйірме, көркем-өнер, жарыс
т.б) өткізілетін студенттердің жеке, өз бетінше орындайтын жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: