5В060900 «География» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет21/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   177
 
 
 
 


ZhZh1203 ЖАЛПЫ ЖЕРТАНУ 
Көлемі - 3 кредит 
Авторлары: 
Түгелбаев С.С. - география ғылымдарының кандидаты,   география және 
табиғатты пайдалану факультеті география, жерге орналастыру және кадастр 
кафедрасының доценті
Мақаш К.К. - география және табиғатты пайдалану факультеті география, 
жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы  
Пікір жазғандар: 
Абдиманапов Б.- география ғылымдарының докторы, Абай атындағы 
Қазақ ұлттық педагогикалық универститетінің профессоры 
Бексейтова Р.Т.- география ғылымдарының докторы, картография және 
геоинформатика кафедрасының профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Жалпы жертану» пәні «5В060900 - География» мамандығының оқу 
жоспарындағы оқытылуға тиіс пәндердің бірі болып саналады. Пән географ 
мамандарын дайындау жүйесіндегі негізгі курстардың бірі. Пәннің негізгі 
мақсаты – активті техногендік әсер жағдайында табиғат ресурстарын интенсивті 
пайдалану шарттарындағы географиялық қабықтың дамуы мен өзгеру 
заңдылықтарын зерттеу.
Зерттеу сипатына қарай жалпы жертану физикалық географияның 
теориялық бөлігі болып, Жер туралы ғылыммен бірігеді, сондықтан да 
пәнаралық байланысты атқарады. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара 
заңдылықтар мен қазіргі таңдағы проблемаларды білу география ғылымы 
аймағында бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауға ықпал етеді.
Курстың мазмұнын құраушы негізгі сұрақтар спектрі аса кең. «Жалпы 
жертану» курсында түрлі қалыптасқан эмпирикалық байланыстар мен теориялық 
шешімдер алуға қолданылатын негізгі тәсілдер – салыстырмалы географиялық, 
картографиялық, жүйелік және тарихи, сонымен қоса математикалық және 
статистикалық тәсілдер.
Студенттер білуге тиіс: географияның дамуы мен қалыптасу тарихы, 
негізгі түсініктер мен ғылымның категориялары; жер туралы жалпы мәліметтер 
және оның космостық денелермен байланыстары; географиялық қабықтың 
құрамы мен табиғат компоненттерінің негізгі құрылымы, географиялық қабық 
өміріндегі компоненттердің рөлі мен орны және т.б. 
Студенттер жасай алу тиіс: жер туралы және оның табиғи компоненттері 
туралы жалпы түсінікті жинақтау, табиғат компоненттерінің өзара байланысын 
білу және олардың рөлін географиялық қабық өмірінде көрсете білу, қазіргі 
таңдағы рациональді табиғатты пайдалану мәселелерін көрсете білу, 


қалыптасқан ғылыми бағытты білу, физикалық географиядағы теориялық 
концепциялар мен жалпы жертану дамуының негізгі кезеңдері, физикалық 
географияда негізгі зерттеу тәсілдерін қолдана білу.
Берілген пәнді оқытудағы алдын-ала пәндер тізімі: Жалпы физика, 
география, биология, астрономия, жалпы химия, математика, әлеуметтік және 
экономикалық географияға кіріспе және т.б. 
Аралық пәндер тізімі және олардың берілген пәнмен байланысы: 
Биогеография, климатология және метеорология, Жалпы геология, Мұхиттар 
мен материктердің физикалық географиясы, Қазақстанның физикалық 
географиясы, ландшафттану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет