топырақ т.б. факторлар. "Метеорология климатология негіздерімен" пәнін оқуда
алынған білім мен дағдылар жер бедері пішіндері қалыптасуда климаттық
фактордың ықпалын анықтауға мүмкіндік береді, ал гидрологиялық үдерістер
туралы білім флювиогляциалдық процестердің нәтижесінде пайда болған
пішіндерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Жер бедерінің мега- және макропішіндерін үйренуде, жер қыртысы
құрылысының ірі элементтерінің өзара тәуелділігін қарастыруда «Геология
негіздері» және «Жалпы жертану» пәндерін оқу барысында алыңған білім аса
маңызды болып келеді. Мұндай жағдай жер бедердің глобальдық масштабта
қарастыруға, жер сілкініс және вулканизм процестерінің құрлық бетінің түрі
өзгеруіне ықпалын анықтауға мүмкіндік береді.
Жер бедерінің микро- және нанопішіндері қалыптасуда басым болатын
процестерді анықтау үшін, жер бедері пішіндері қалыптасу процестері мен
құрлықтың топырақ-өсімдік жамылғысы арасындағы өзара әрекеттесу
мәселелерін қарастыратын «Топырақ географиясы топырақтану негіздерімен»
және «Биогегография» пәндерінен алыңған білім мен дағдылар өте маңызды
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: