5В060900 «География» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет60/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

 
 


КEАG 2208 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ 
ӘЛЕУМЕТТІК ГЕОГРАФИЯСЫ 
Көлемі - 3 кредит 
 
Авторлары: 
Құсайынов С.А. - география ғылымдарының кандидаты, география, жерге 
орналастыру және кадастр кафедрасының профессоры 
Дуйсенбаев С.М. - география, жерге орналастыру және кадастр 
кафедрасының аға оқытушысы 
Пікір жазғандар: 
Нұрмамбетов Э.И - геолого – минералогия ғылымдарының кандидаты, 
«География институты» ЖШС Геоморфология және геоақпараттық 
картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері 
Бексейтова Р. Т. - география ғылымдарының докторы, әль-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика 
кафедрасының профессоры
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
Географ-бакалавр мамандарды дайындауда «Геоморфология» негізгі 
пәндердің қатарына қосылады. Зерттеу объектті Жердің бедері болып табылады. 
Оның мақсаты жер бетінің бедерін зерттеу, оның даму заңдылықтарын танып 
білу, және аталған заңдылықтарды әртүрлі практикалық мәселелерді шешу үшін 
қолдану. 
Жер бедері табиғи-аумақтық кешеннің негізгі компоненттердің бірі болып 
табылады. Жер бедері пішіндерінің қалыптасу үдерістері, бедердің пішіндері 
және олардың табиғи үдерістерге ықпалы туралы білім, студенттерге табиғи 
үдерістерді зерттеуде қоршаған орта туралы кешенді түсінік береді, және табиғи 
үдерістер мен құбылыстарды дамуының дүрыс жолдарын көрсетуге мүмкіндік 
береді.
Жер бедері пішіндерінің қалыптасуы көптеген факторларға тәуелді, соның 
ішінде геологиялық, климаттық, гидрологиялық т.с.с., сонымен бірге жер бедері 
пішіндерінің қалыптасуына топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі 
күшті әсерін тигізеді. Осылайша, бұл пән 5В060900-География мамандығы үшін 
кәсібі білім беру бағдарламасының пән аралық байланыстарын жүйелендіруде 
аса маңызды роль атқарады.
"Геоморфология" пәнін оқу "Жалпы жертану", "Геология негіздері", 
"Топография геодезия негіздерімен", "Жалпы гидрология", "Метеорология 
климатология 
негіздерімен", 
"Биогеография", 
"Топырақ 
географиясы 
топырақтаны негіздерімен" пәндерін оқу барысында алыңған білім мен 
дағыдыларға негізденеді. Бұл пәндерде бедер пішіндері және жер бедері 
қалыптасу үдерістерін зерттеуде қажет болатын табиғат кешенінің барлық 


компоненттері бойынша білім берілген: климаттық, сулары, тау жыныстары, 
топырақ т.б. факторлар. "Метеорология климатология негіздерімен" пәнін оқуда 
алынған білім мен дағдылар жер бедері пішіндері қалыптасуда климаттық 
фактордың ықпалын анықтауға мүмкіндік береді, ал гидрологиялық үдерістер 
туралы білім флювиогляциалдық процестердің нәтижесінде пайда болған 
пішіндерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Жер бедерінің мега- және макропішіндерін үйренуде, жер қыртысы 
құрылысының ірі элементтерінің өзара тәуелділігін қарастыруда «Геология 
негіздері» және «Жалпы жертану» пәндерін оқу барысында алыңған білім аса 
маңызды болып келеді. Мұндай жағдай жер бедердің глобальдық масштабта 
қарастыруға, жер сілкініс және вулканизм процестерінің құрлық бетінің түрі 
өзгеруіне ықпалын анықтауға мүмкіндік береді.
Жер бедерінің микро- және нанопішіндері қалыптасуда басым болатын 
процестерді анықтау үшін, жер бедері пішіндері қалыптасу процестері мен 
құрлықтың топырақ-өсімдік жамылғысы арасындағы өзара әрекеттесу 
мәселелерін қарастыратын «Топырақ географиясы топырақтану негіздерімен» 
және «Биогегография» пәндерінен алыңған білім мен дағдылар өте маңызды 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет