5В060900 «География» мамандығы бойынша


табанының және орта-мұхиттық жоталары бедерінің мегапішіндері



Pdf көрінісі
бет65/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

табанының және орта-мұхиттық жоталары бедерінің мегапішіндері 
Су асты материкті шеттердің жер бедері, олардың құрылымды-
геоморфологиялық элементтері. Қайраң зонасының, материктік беткейдің және 
материктік етегінің жер бедері. Мұхиттың терең сулы қазан шұңқырлары және 
олардың жер қыртысы құрылысымен байланысы. Мұхиттық қазан 
шұңқырларының жер бедері. Орта-мұхиттық жоталарының жер бедерінің 
мегапішіндері және олардың жер қыртысының рифтогендік құрылысымен 
байланысы. Өтпелі зоналардың бедер пішіндері, олардың негізгі құрылымды-
геоморфологиялық элементтері. Шеткі теңіздердің, аралды доғалардың және 
терең сулы науалардың жер бедері.
3 тарау. ЭКЗОГЕНДІК ҮДЕРІСТЕР МЕН ЖЕР БЕДЕРІ.
Экзогендік үдерістер мен жер бедері. Үгілу және жер бедері 
қалыптасуы 
Тау жыныстарының угілуі жер бедері қалыптасуды маңызды факторы 
ретінде. Үгілу үдерістердің мәні. Үгілу типтері, таралу ареалдары және жер 
бедерінің қалыптасуына ықпалы.
Әртүрлі климаттық зоналардың үгілу қыртыстарының құрылысы. Элювий 
- континенттік шөгінділерінің генетикалық типі. Үгілу қабаттарының 
қалыптасуындағы тектоникалық факторы. Сызықтық және аудандық үгілу 
қыртыстары. Ежелгі үгілу қыртыстары – палеоклиматтың индикаторы ретінде. 
Ежелгі үгілу қыртыстарының пайдалы қазба байлықтары.
 
Беткейлік процестер, беткейлік бедер пішіндері және беткейлік 
шөгінділері 
Беткей деген ұғым. Беткейлік процестер. Беткейлердің морфологиясына 
сәйкес жүктелуі. Бнткейлердің бедер пішіндері: опырылымдар, жылжымалар, 
қорымда, солифлюкциялық беткей, делювилік беткейлер, қар көшкіндері. 
Беткейлердің беткейлік процестердің ғылыми және практикалық маңызы. 
Беткейлердің жасы, беткейлердің уақыт және кеңістікте дамуы. Пенеплен, 
педимент және тегістелу беткей туралы түсініктер. Қазақстан аумағында 
пенеплен мен педименттің таралу аймақтары. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет