№6 (99) 19 наурыз,
2015 жыл.
«Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде Елбасы
Н.Назарбаев Қазақстанның жаңа экономикалық
даму жолын талдай келіп, алдағы уақытта
бес бағытта институционалдық реформалар-
ды жүзеге асыру қажеттігін айтты. Сарабдал
саясаткер, көреген басшының тұжырымды
терең ойы зиялы қауымды ғана емес қарапайым
халықтың өзін қатты толғандырды. Президент
бұдан бұрынғы стратегиялық талдауларында да
еліміздің өркениет бағытын жан-жақты нақты
белгілеп берген болатын. Әлемдегі дамыған 30
елдің қатарынан көріну үшін алдымен еліміздің
экономикасын көтеріп, әл ауқатын арттыру
қажеттігін талай айтқан.
ДАМУДЫЊ БЕС БАЃЫТЫ –
БАСТЫ НАЗАРДА
Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректоры,
з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-
мүшесі.
Мұзафар Әлімбаев,
Қазақстанның халық ақыны.
Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кесеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Дүрлеген Қазақстанға,
Таңғалсын дос та, дұшпан да!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы-
мен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз–жылдың басы, күн мен түннің теңелер
шағы. Тамырын тереңнен тартқан, береке мен
бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын
нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенел-
тер ұлы мереке.
Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың
өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір
сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік
пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін
ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың
бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына
айналдыруға міндеттіміз. Бұл күні халқымыз
мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен
жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр
тартып, барша адам баласына жақсылық,
аманшылық тілеп, ақсақалдар жастарға ақ бата-
ларын берген.
Жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшы-
ларын аямай төккізіп, Самарқанның көк тасын
ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас
жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер
астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін
шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп,
Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың
төбесін көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені
үйгізіп, жеткен әз Наурыз құтты болсын!
Наурыз күні ойға алған барлық арман-
мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға
жазсын!
Ұлыстың ұлы күні шаңырақтарыңызға Қызыр
қонып, Бақ дарысын!
Құрметті
әріптестер!
Бүгінгі таңда әлемдік дағдарыс талай өркениетті деген
мемлекеттердің өзін тығырыққа тіреп отыр. Көп елдерде терроризм
мен экстремизмнің салдарынан халықтың бойын үрей билеп, тұрмыс
дәрежесі тым төмендеп барады. Отқа оранған аймақтардан қашқан
босқындар үйсіз, баспанасыз, аш-жалаңаш қаңғырып босып барады.
Осындай ауыр кезеңде халқының қамын ойлап, болашақ даму жолын
бағыт-бағытпен саралап отырған Елбасына дән риза-
мын.
Мен өзім заң саласының маманы болғандықтан
реформаның екінші бағытында көтерген мәселені
толық қолдаймын. Зайырлы, қуатты мемлекеттің
заңы да берік болу керек. Сол үшін де Президент сот
жүйесінің жұмысына терең мән беріп отыр.
«Судьялар есіктері бәрі үшін тарс жабық, корпо-
рация болмауға және қоғамдық сыннан тыс тұрмауға
тиіс. Ашық болу – судьялар қатарындағы коррупцияға
қарсы дәрі» дей келе Н.Назарбаев меншік құқығына
кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін жағдай
туғызатын, келісімдік міндеттемелердің қорғауына
тұратын заңның үстемдігін қамтамасыз ету уақыт та-
лабы екенін көпшілікке терең ұқтырды. Бұл сайып кел-
генде, экономикалық өсім үшін негізгі тұғырға айналуы
тиістігі менің де көңіліме қонды. Мемлекеттік қызмет
туралы жаңа заң әзірлеу және жемқорлықпен күрес
заңына өзгеріс енгізу туралы айтылған пікірін де толық
қолдаймын.
Мен өзім талай жылдан бері білім ордаларына
басшылық жасап келемін. Ұжымдағы қызметкерлердің
әлеуметтік тұрмысына бейжай қарай алмаймын. Міне
осы сұрауға Президенттің институционалдық бес
реформасының біріншісінен жауап табуға болады.
Елбасы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын
төлеудің жаңа жүйесін енгізуді талап етуде. Алдағы
уақытта жалақы еңбек өнімділігіне, басқарушылық
үдеріске қосқан үлеске байланысты болады. Жыл
қорытындысына орай қызметінің нәтижелеріне және
экономикада жеткен табыстарына байланысты саяси
қызметшілерге – бонустар, әкімшілік қызметшілерге
сыйақылар төлеуді қарастыруды ұсынды.
«Жақсы жұмыс жасаса, бонус алады. Жаман жұмыс
жасаса, нәтижесі жоқ болса, экономика өспесе,
тиісінше, еңбекақы төлемі де төмендейді»-деп ашық
айтып отыр емес пе? Мен де басшы ретінде осы та-
лапты өз қызметкерлеріме қоюға тиістімін. Сонда
ғана еңбек көрсеткіші артады, әрі дарынсыздардың
қатары кеми түседі. Бұл, әсіресе, білім мен ғылым
саласында таптырмайтын тәсіл. Өйткені білім
– болашақтың кілті, білім ордасында тек қана
шынайы ғылым иелері қызмет атқаруы керек
деп ойлаймын.
Елбасы дарынды адамдарды тауып,
мемлекеттік қызметке тарту туралы жаңа
міндеттер қойды. Біріншіден, олар үш тілді
толық білуі тиіс. «Барлық деңгейлердегі
мемлекеттік қызметшілерге толық аттеста-
ция жүргізу керек! – деді ол. – Мемлекеттік
қызмет – әділетті қазақстандық қоғамның
прототипіне айналғаны абзал. Онда этникалық
тегіне қарамастан, өз қабілет-әлеуеттерін
толық жүзеге асыруда барлық азаматтарға
бірдей мүмкіндіктер ұсынылуы қажет. Олар
соның ішінде жеке сектордан да ізделгені
абзал. Белгілі бір лауазымдарға шетелдік
менеджерлерді тартқан орынды. Тілді білмеуі,
өзге елдің азаматтығы бұл жерде кедергі
болмауға тиіс».
Президенттің
тағы
көкейге
қонымды
мәселесінің бірі – әрбір азаматтың ең төменгі
лауазымнан бастап жоғары орынға келуге
дейінгі баспалдақтарды басып өтуі. Ендігі
жерде басқару билігінде командалық, тамыр-
таныстық жүйеге қатаң тиым салынатын болады.
Міне көрдіңіз бе, Президенттің «Нұр Отан»
партиясының ХVI съезінде көтерген бес
реформасының құндылығы қаншалықты тереңде
жатыр. Бұл еліміздің өркениетті даму жолындағы
айқын бағыт-бағдары емес пе?
Наурыз бата
Жетісу
университеті
ҚОҒАМ
бейсенбі, 19 наурыз,
2015 жыл
2
БСҚТҚА сарапшылары
университетте
Білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеудің екінші кезеңінен
өткізу мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде на-
урыз айының 10-13 аралығында білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық
агенттігінің сараптау тобы жұмыс жасады. Аккредиттеуден өтуге қаржы-экономикалық,
гуманитарлық, педагогика және
психология,
физика-математи-
ка, жаратылыстану-техникалық
факультеттерінің
бакалаври-
ат және магистратура бойын-
ша барлығы 10 мамандығы
өзін-өзі
бағалау
туралы
есеп
қорытындыларының
шынайылығын бағалау үшін
сарапшылар тобының сыртқы
сынына түсті. Білім беру
бағдарламалары 3 кластерге
бөлінді. Ресей, Украина, Лит-
ва
республикасынан
келген
халықаралық дәрежедегі сарап-
шылар, сондай-ақ қазақстандық
жоғары оқу орындарынан және
жұмысберушілер мен студенттер өкілдерінен құралған сарапшылар мамандықтарға
сай 3 топқа бөлініп зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бірінші кластер құрамына қаржы-
экономика факультетінің мамандықтары, екінші кластерге гуманитарлық, педагогика
және психология, үшінші кластерге физика-математика және жаратылыстану-техникалық
факультеттерінің мамандықтары кірді. Сарапшылар жұмыс барысында жоғары оқу
орнының басшылығымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен, жұмысберушілер
және түлектермен, білімгерлермен сұхбат жүргізді. Сонымен қатар кафедралардың оқу-
әдістемелік құжаттары, оқулықтармен қаматамсыз етілуі, қашықтықтан оқыту технологи-
ясы институтының, тіркеу офисі мен ақпараттық технологиялар бөлімінің жұмыстарын са-
ралады. Мамандандырылған аккредиттеуден өтуге ұсынылған білім бағдарламаларының
қорытындысын сараптау тобы білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық
агенттігінің аккредиттеу кеңесінің отырысында жариялайтын болады.
ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАЌ
ЖЕЊІМПАЗДАРЫ
ЖМУ-дің стадионында
Президенттік сынақтардың қыстық
көп сайыс түрі шаңғы спортынан
университеттің профессорлық-
оқытушылар құрамы,
қызметкерлері мен білімгері
арасында өтті. Онда әйелдер
3 километр, ерлер 5 километр
қашықтықта күш сынасты. Барлық
факультеттер бойынша 70 білімгер,
70 профессорлық-оқытушылар
құрамы, 90 қызметкер, жалпы
саны жарысқа 1310 адам қатысты.
Командалық есеп бойынша білімгерлер арасында I орынды гуманитарлық факультеті,
II орынды физика-математика факультеті, III орынды мәдениет және өнер факультеті
иеленді.
Профессорлық оқытушылар құрамы және қызметкерлер арасында
70 жастан жоғары көрсеткіш бойынша I орынды Қанабек Намазбаев пен Қарлығаш
Ибрагимова, 60 және одан жоғары жастағы ерлер арасында I орынды Аманкелді Кате-
нов, II орынды Бахыт Оразбекұлы, III орынды Мұратбек Коспанов қанжығасына байла-
ды. Cондай-ақ, 50-59 жастағы әйелдердің арасында I орынды Төлеутай Ахмедиева, II
орынды Гүлжанат Байгуданова, III орынды Асыл Құрақбаева, 50-59 жастағы ерлер ара-
сында I орынды Мырзабай Жетімов, II орынды Нұржан Уалиев, III орынды Талғат Бай-
дилдинов, 40-49 жастағы әйелдер арасында I-орынды Айбаршын Қасенова, II орынды
Жанар Шаймұханова, III орынды Раушан Жексембаева, 40-49 жастағы ерлер арасында I
орынды Меримбай Өзенбаев, II орынды Ержан Буланов, III орынды Жамбыл Қанағатов;
24-39 жастағы әйелдердің арасында I орынды Сламжанова Сая II орынды Айнур Бек-
бергенова, III орынды Динара Тұрсымбаева; 24-39 жастағы ерлер арасында I орынды
Болат Сериев, II орынды Дәулеткерей Мүлік, III орынды Мади Бейсенбиев;18-23 жастағы
қыздар арасында I орынды Мадина Рахманбетова, II орынды Арайлым Қожахмет, III
орынды Галина Михалева; 18-23 жастағы ұлдар арасында I орынды Медет Жұмабаев,
II орынды Айқын Құмарбеков, III орынды Қайрат Амангелдиев иеленді. Жеңімпаздар
Мақтау қағаздарымен және спорттық кубоктармен марапатталды.
Б.БИТІЛЕУОВ,
спортклуб төрағасы.
2015 жылдың 3-5 сәуір аралығында Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт
кешенінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универсиетті ректорының Кубогына
ТМД мемлекеттерінің жоғары оқу орындары арасында жауынгерлік, спорттық джиу-джитсу,
профи-файттан ашық халықаралық турнир өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі 4 сәуір күні
сағат 11.00-де басталады.
Халықаралық
турнирдің
негізгі демеушілері:
Алматы
облысы
дене
шынықтыру
және
спорт
басқармасы; Кәсіби жекпе-жек
спорттық джиу- джитсу Профи-
файт ұлттық федерациясы;
ҚРБҒМ ұлттық ғылыми-практикалық орталығы; Бүкіләлемдік кәсіби жекпе-жек спорттық
джиу-джитсу Профи-файт федерациясы.
ХАБАРЛАНДЫРУ
М
амандық әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі
болып табылатын сүйікті ісі. Кез-келген адам өз мамандығына
құрметпен қарайды. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Әр мамандық өзінше ерекше. Білімгерлердің мамандықтарына деген ынта-
ықыластарын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында педагогика және
психология факультетінде «Мамандығым–мақтанышым» тақырыбында
1-курс білімгерлері арасында байқау өтті.
Байқауға педагогика және психология факультетінің барлық мамандықтары: дефек-
тология, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш оқытудың педагогикасы мен
әдістемесі, педагогика және психология, музыкалық білім мамандықтары қатысты. Оған
озат тәжірибелі оқытушылар қазылық етті. Сайысты ардагер ұстаз Қарлығаш Ибрагимова
құттықтау сөзбен ашып, қатысушылар 5 кезең негізінде сайысқа түсті. Алғашқы кезеңде
сайыскерлер өз мамандықтарын видеоролик арқылы таныстырып өтті. Келесі кезеңдерде
өнерін әр қырынан көрсетті. Бірі ән айтса, екіншісі би билеп,тіпті актерлық шеберліктерімен
де көрермендерді тәнті етті. Сайыстың соңғы бөлімі бойынша қатысушылар викториналық
сұрақтарға өз уақыттарын ұтымды пайдалана отырып жауап берді. Қазылар алқасының
шешіміне орай байқау жеңімпаздары анықталды. Нәтижеде, бірінші орынды «Музыкалық
білім» мамандығының, екінші орынды «Педагогика және психология» мамандығының,
жүлделі үшінші орынды «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығының
білімгерлері жеңіп алды. Гран-При жүлдесін «Дефектология» мамандығының білімгерлері
иеленді. Расында, білімгерлердің жеке шығармашылық қабілеттеріне, сондай-ақ олардың
ізденімпаздығы мен табандылықтарына сүйсіндік.
Қарақат НҰРМҰХАНОВА,
жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы
кафедрасының оқытушы магистрі.
Мамандыѓым – ма¶танышым
Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
мамандығының 1 курс білімгерлерінің ара-
сында қазақ хандығының 550жылдығына
байланысты «Ерліктің арқауы, елдіктің
бастауы - қазақ хандығы» атты ашық
тәрбие сағаты өтті. Куратор Қарақат
Нұрмұханова білімгерлерге сәттілік тілеп,
сөз тізгінін жүргізушілер К.Злиха мен
Аида Капышоваға ұстататды. Қазақ
хандығынан бастап бүгінгі тәуелсіздік
алғанға дейінгі аралықтардағы оқиғалар
слайд арқылы көрсетілді. Сондай-ақ, та-
рихи дерек көздеріне негізделген бей-
нефильм тамашаланды. Топ белсендісі
Бақытгүл Раисова қазақ хадығы туралы
шешіле сөйлеп, көсіле шапса, шығармашылықпен айналысып жүрген білімгерлер жүрек
жырларын ақтарды. Оқытушылар Баян Оразова мен Жазира Түгелбаева оларға дән
риза болып, алғысын білдірді.
З.КИРТАЙ,
1-курс білімгері.
Тєрбие саѓаты µтті
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті – білім берумен қатар
тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге
ордасы. Мұнда білімгерлер сан алуан үйірмелерге қатысып
бойына біткен қабілет-дарынын шыңдайды. Тәрбие және
әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлім олармен тығыз бай-
ланыс орнатып түрлі мәдени шараларды өткізуге ұйытқы
жасайды. Жақында осындай шаралардың бірі – «ЖМУ
Аруы - 2015» байқауы қызықты өтті. Байқауға қатысуға
ниет білдірген қыздар көп болды. Сол үшін оны 4 кезеңге
бөліп: кастинг, фотосессия, жәрмеңке, мәре шарттарына
сәйкес өткізуді ұйғардық. Нәтижеде 65 талапкердің ішінен
11-і іріктелініп алынды. «Жүзден жүйрік озып» ақтық
сынға жеткен Ай қабақты Арулар байқау шартта-
рына орай бақ сынасты. Қазылар алқасының
шешімімен бас жүлдені өзінің шын мәніндегі
Аруға сай келбетін көрсеткен, өнерімен тәнті ет-
кен педагогика және психология факультетінің
1-курс білімгері Әсем Қалибек жеңіп алды. Ал
І орынды мәдениет және өнер факультетінің
1-курс білімгері Құндыз Нүсіпжанқызы, ІІ орын-
ды гуманитарлық факультетінің 1-курс
білімгері Айдана Қошанова, ІІІ орынды қаржы-
экономика факультетінің 3 курс білімгері
Айнұр Канапьянова иеленді.
Байқауға университетіміздің факультет
декандары, сонымен бірге «Brosh» ком-
паниясы, қаламыздың спорт кешендері,
сұлулық орталықтары демеушілік та-
нытты. Ару қыздарымыздың қолымен
жасалған қазақ ұлттық тағамдары
жәрмеңкесінен жиналған ақша қоры
қайрымдылық шара негізінде «Айналай-
ын» балалар үйіне өткізілді.
Әсел ОСПАНОВА,
жастар және тәрбие саясаты
секторының жетекшісі.
БАЙҚАУ
«ЖМУ АРУЫ – 2015»
Жетісу
университеті
СОБЫТИЯ И ВРЕМЯ
четверг, 19 марта,
2015 год
3
П
раздник Наурыз возник в те дале-
кие времена, когда еще не было
современных религий и национальностей.
Великий поэт и ученый Омар Хайям (полное
его имя - Гияс ад-Дин Абу-аль-Фатх Омар
ибн Ибрахим Хайям) в 11 веке в правление
султана Джалал ад Дина Малик шаха ибн
Али-Арслана Сельджука создал новый ка-
лендарь, названный именем султана - ''Ле-
тоисчисление Малики", который был осно-
ван на природном начале года - на день,
когда солнце вступает в созвездие Овен и
начинается первый день после весеннего
равноденствия. Это день, когда небесные
светила: созвездия и звезды после годич-
ного круговорота приходят на точки своего
первоначального пребывания и начинают
новый путь – круг.
Наурыз называется у казахов также
"Улыстын улы кунi (Великий день народа).
Но по используемому нами григорианскому
солнечному календарю этот день соответ-
ствует 22 марта. Месяц Наурыз продолжа-
ется с 22 марта по 21 апреля. Само слово
"наурыз" восходит к древнеиранскому соче-
танию двух слов: ноу "новый" + роуз "день".
Праздник Наурыз - один из самых древ-
них праздников на Земле. Этот праздник
отмечается уже более 5-ти тысяч лет как
праздник весны и обновления природы мно-
гими народами Передней и Средней Азии, а
по некоторым данным - и у восточных сла-
вян.
Исторические сведения об этом праздни-
ке встречаются в трудах многих античных
и средневековых авторов. По восточному
летоисчислению он соответствует иранско-
му Новому году - Наврузу. Из поколения в
поколение передавали традиции праздно-
вания Наурыза казахи, узбеки, уйгуры. Тад-
жики называли его "Гульгардон" или "Гуль-
Пока существует человеческое общество,
всегда был и остается актуальным, вопрос о
людских взаимоотношениях, о чувствах и эмо-
циях людей друг к другу. Сегодня я хочу порас-
суждать на тему верности. Что такое верность?
И нужно ли быть верными вообще? Верность
входит в понятие «счастье», так же как и слова
«семья, здоровье, любовь». Ведь как бы не ле-
тело время, века не сменялись веками, верность
остается одним из самых ценных и достойных ка-
честв человека. Есть разные определения этого
слова, но все они сводятся к тому, что человек
ведет себя преданно по отношению к кому-то
или чему-то. Быть верным - это выбор сохранить
верность. Быть верным очень сложно. Верность
– это как основа, фундамент, на котором стоит
человек. Верность является украшением чело-
века, его внутреннего мира, которая основана на
гуманных и нравственных качествах человека,
таких как ответственность, стойкость, честность
и жертвенность.
Верным можно назвать того человека, кото-
рый предан в любви своему единственному или
единственной, который хранит верность Родине,
слову, семейным традициям. Еще в обществе
уважают тех людей, кто верен своим друзьям,
В
минувшую субботу в Талдыкоргане «Тайказан» - символ республиканской
акции «АНК – 20 добрых дел» был передан в Южно-Казахстанскую область.
Мероприятие началось с театрализованного представления, символизирующе-
го дружбу и согласие всех этносов, проживающих на территории Алматинской области, и
сопровождалось яркой концертной
программой. С приветственным
словом на торжественном откры-
тии выступил заместитель акима
Алматинской области Бахтияр
Унербаев.
- Республиканская акция «20 до-
брых дел» в рамках мега-проекта
«Дорожная карта мира и согласия»
проходит по всем населенным пун-
ктам нашей области. В ходе акции
особое внимание уделяется вете-
ранам Великой Отечественной во-
йны, малообеспеченным семьям,
людям с ограниченными возможностями, детям-сиротам, детям с серьезными заболева-
ниями, а также людям, попавшим в сложные жизненные ситуации. Всем им оказывается
всяческая поддержка и помощь. Все, что нам нужно сегодня – это дорожить дружбой,
сохранять общественное согласие, уметь вовремя протянуть руку помощи тем, кто в этом
нуждается. Мы единый народ, у нас единые цели, единое будущее. Пусть будет мир, со-
гласие и процветание на нашей земле, - сказал Б.Унербаев.
Также, сегодня в рамках акции «Тайказан» был наполнен еще одним добрым делом.
Представители Ассамблеи Алматинской области подарили воспитанникам школы детско-
го конного спорта «Серебряное стремя» лошадь для проведения занятий по иппотерапии.
Затем «Тайказан» был передан Южно-Казахстанской области, чтобы он продолжил
свое путешествие по республике, с каждым днем все больше и больше наполняясь бла-
гими и полезными делами.
Напомним, 5 марта «Тайказан» был передан из Жамбылской области в Алматинскую.
Приняв эстафету, Алматинская область продолжила ее благотворительной акцией «Теп-
ло сердца».
Достарыңызбен бөлісу: |