6-апта өзіндік жұмыс тапсырмалары: «Қазіргі заманғы педагогикалық технология»


«Технология» термині сол тəсілдержүйесі (ілім) деген мағынаны



бет3/4
Дата02.11.2022
өлшемі24,93 Kb.
#46978
1   2   3   4
Байланысты:
6 апта озиндик тапсырмалар

«Технология» термині сол тəсілдержүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді. «Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды: - оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы); - нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т.б.) Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.). Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған? Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», – делінген. Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т.б.). Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушының педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет