6. Гипоплазия жәнеоныңэтиологиясы


- Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?



бет10/12
Дата07.06.2023
өлшемі0,82 Mb.
#99542
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
1- Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?
2- Нақтамасын қойыңыз.
3- Жасалынатын ем реттілігі.
Жауап:

Блэк бойынша 1ші сыныпқа жатады

2. Терең тіс жегі.

3. Терең тіс жегі емі;



Пациентке процедураны түсіндіріп, келісімін алды. Науқастан аллерго анамнезін сұрады

Пломбылайтын материалдарды дайындайды (кальций гидроокисі негізіндегі емдік төсем, аралық төсемге арналған материал, өздігінен қатаятын композит). Стоматологиялық жиынтықты дайындады. Шприц, анестетик, борлар, таңу материалдарын жинады.

Тісті объективті тексеріп алды да жансыздандыру жасады.

Ұштыққа шар тәрізді бор салып, дентиннен тіреуіші жоқ кіреуке шеттерін алды, яғни тар болған қуыс кіреберісін ашты.

Тіс жегі қуысы кеңейтіліп, қалыптастырылды.

Тіс жегімен зақымданған кіреуке мен жұмсақ дентиндер толығымен қуыстан некротомия жасады.

Пломба жақсы жабысуы, мықты болуы үшін қуыс кіреберісіне 45 градус бұрышпен фальс салды.

Тісжегі қуысына медикаментозды өңдеу жүргізіп, тісжегі қуысын кептірді.

Кальций гидроокисі негізіндегі материалды араластырып, тегістегіш көмегімен тісжегі табанына емдік пломба салды.

Шыныиономерлік цементті араластырып тісжегі қуысына, табанына салып кіреуке-дентин шекарасына дейін жайды. Материалдың қатуын күтті.

Кондиционерді кіреукеге жағып, 30 секундтай күтті. Тісжегі қуысын дистилденген сумен шайып, залалсыздандырылған мақта анжысымен және ауа ағымымен кептірді.

Кіреуке адгезивін дайындап, тісжегі қуысының табанына және қабырғаларына жағып, оны қарсы ауа ағымының көмегімен біркелкі таратып жайды.

Композитті 40 секундта араластырып, бөлшектеп, тісжегі қуысына салды. 1-1,5 минут ішінде тегістегіш, нығыздағыш, мақта анжысы көмегімен алғашқы мүсіндеуді жүргізді. Материалдың қатуын күтті.

Фиништік борлармен төменгі жылдамдықтағы ұштықтар көмегімен пломбаның соңғы мүсіндеуін жүргізді.

Окклюзияны тексерді. Полирлер мен жылтырататын дискілерді қолдана отырып, пломбаны тегістеді.

Амбулатория картасын толтырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет