6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері Психолог: Аскарова А. Т



Дата26.01.2023
өлшемі24,13 Kb.
#63052
Байланысты:
6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері


6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Психолог: Аскарова А.Т
Көрнекі –бейнелік ойлау. Бейнелік –сызбалық ойлау дамиды.
Ойын әрекеті жақсы дамиды.
Баланың ішкі сөйлеуі қалыптасады.
Сөздік қоры толық дамиды.
Мақсатқа бағытталған есте сақтауы дамиды.
Қарым-қатынасы,іс-әрекеті дербес.
Зейіні тұрақталады.
Көрнекі-күйі эмоциясы тұрақталады.
Қиялы жақсы дамиды.
Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындағанда, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.
Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері дәлелдейді:

  • Оның ұйқысының тыныш болуы;

  • Тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы;

  • Қатты ұйықтауы, сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпында келмеуінен де байқалады.

Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне:

  • өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы;

  • өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі;

  • ептіліктер мен дағдыларды тез игеруі;

  • көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі;

  • жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы;

  • еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы;

  • шапшаң қимылдап, тез сөйлеу, сезгіштіктің пайда болуы жатады.

Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.
Темпераменттің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады.
6 жастағы балалар психологиясы
Бұл жастағы балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық етжүйесі ұзақ уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата - аналар балалардың күш - қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте - бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.
Балалар ертегі немесе жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады.
.Негізгі іс – әрекеті- ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді
КІШІ МЕКТЕПТІК ЖАС

  • дене формасында және өлшемдеріндегі жыныстық ерекшелік

  • бала бойы ұзындығының үдемелі өсуі басталады

  • сүт тістерінің тұрақты тістерге ауысуы жүреді

  • ұсақ бұлшықеттердің күрделі координациялық қозғалысы жылдам дамиды, осының әсерінен жазу мүмкіндігі болады

  • есте сақтау жақсарады, интеллект жоғарылайды

  • балалар коллективтің қызығушылығымен өмір сүре бастайды

5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ШАРТТАРЫ
1.Физикалық даму деңгейі, медициналық көрсету бойынша денсаулықтың күйі,жұмысқа қаблеттілігі,шыдамдылығы ,трек –қимылдағыш аппаратының дамуы және т,б
2.Психикалық даму деңгейінің баланың мектепке деген дайындығын бекітеді.баланың таным процесінің дамуы. Рухани зияткерлік, еріктің, дамуы.
Рухани зияткерлік дайындығы-ол білім деңгейін сипаттайды. Қоршаған орта жайында алғашқы білім деңгейі баланың айналадан құралатын және де көрнекілік-іс- әрекеттену, көрекілік – елестету ,ойлаудың дамуы,шығармашылық қиялдау,зейін, сөйлеу мүшелері толық дапып жетілуді айтады.
Есі
мектепалды балалардың жасында еріксіз ес түрі басым болады. Саналы түрде қойылған мақсат жоқ ол жеңіл және көпке шейін есте сақтайды.балаларда қозғалмалы –ес және эмоциялық ес жақсы дамыған. Баланың есте сақтау қабілетін анықтау үшін зерттеу жұмыстары қарастырылған.
Сөйлеу
Мектепке бару кезінде бала уйренетін тілінің көп жақты тілді психологиялық икемділігі: сөздік, дыбысқұрамы, граматикалық уйлесімділіктің болуы.
Баланың сөздік қоры 3000-3500га дейін жетеді.балалар сөйлемде тек жеңіл ғана емес қиын, ауыр сөйлемдер құрастырып қолдануы тиіс.
Қиялы
Мектепке келер алдында қиял ерекше айқындалады. Балада еріксіз елестетумен айқындалса , дами келе ерікті қиялға ауысады. Ол үшін алдымен ол рөлдік ойындар арқылы, содан кейін басқа қызмет түрлерінен алдын ала жоспарланады.
Бала зейіні
Бала алдымен еріксіз зейінге ие болады, соңына қарай мектепалды жасында ерікті зейіннің бастамасы айқындалады. Бұл баланың зейінінің тұрақтала бастағанын көрсетеді.жаңа білім баланың психикасына өте маңызды, бала еріктік зейіннің арқасында зейінді жақсы бөле алады. Мысалы, суретке мұқият қарап,олардың айырмашылығын,ұқсастығын ажыратуға зейін аударады.егер баланың зейін бөлуі нашар болса ,онда ата аналарға кеңкс беріледі,уйде жаттығулар өткізеді.
Еріктік дайындық
Ерікті деңгейіне сәйкес келетін қалыптасуында пайда болады. Ес, зейін, Ойлау ерікті дамиды. Саналы түрде бала өзінің зейіні мен және есеппен басқара алады. Ерікті дайындық өз-өзін қадағалауды жетілдіре істей алуында айқындалады. «заттарды салыстырады», «менің айтқанымды қайталай алады» т.б
Мотивациялық дайындық

Жүйенің өзіне түрткі болатын баланың мектепке деген қатынасы. Сабақтың орындалуы оқушының міндеті болғаннан кейін оның уайымдағыш қасиеті анықталады. Сол кезде ол мақтаныш сезімінде болады, себебі ол-оқушы.мектепте жақсы оқуға тырысады, сыныптастарымен және қоршаған ортамен қарым –қатынас деңгейі артады.бір біріне көмек беру ,бөлісу, ренжімеу, орынсыз тентек болмау қағидаларын ұстана бастайды. Сондықтан мектепалды жасындағы балаларды жақсы тәрбиелеп оларды мектеп табалдырығын абыроймен аттату біз ,тәрбиешілердің басты міндеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет