6-күн 1-тапсырма. Төменде берілген №1 сызбаны басшылыққа ала отырып, бірінші күннен бастап анықтаған педагогикалық зерттеу тақырыбы бойынша «Іс-әрекеттегі зерттеуді»



бет3/6
Дата21.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#51600
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6-к н 1-тапсырма. Т менде берілген №1 сызбаны басшылы а ала оты

Эмперикалық психологияның мынадай қателері болды:

  1. Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық психология идеалистік психология болды.

  2. Психика сыртқы дүниенің әсерсіз өзінен-өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін-өзі байқау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық әректтерін зерттеп білуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке өзін-өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді.

  3. Психикалық әрекеттерді механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде қаралған. Ол – сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде қаралған.

  4. Адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруының, адам баласының пайда болып, өсіп-дамып отыруын зерттемеді.

Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданды.

  1. Психофизикалық теорияға негізделу. Рухани әрекеттер мен физикалық әрекеттердің әрқайсысы өз алдына өмір сүреді, олардың әрқайсысы өз алдына болғанымен араларында байланыс бар, бір-біріне әсер етеді деген теорияны жақтайды..

Сыртқы психикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни, өзінен тәуелсіз әрі тысқары обьективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ.
Бұл туралы ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит сол кездің өзінде-ақ психикады (психиканы) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндіреді. Ол психиканың мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.Сол заманның екінші бір ойшылы , идеалист Платон керісінше «психика мәңгі өлмейді, өшпейді».- деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-насыр әл-Фараби дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, психика денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский психиканың мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді дамытты. Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады»,
«Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі». Жан бар жерде қаза бар» т.б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында ата- бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет