6-модуль. ТҰЛҒалық дамудағЫ ҚҰндылықтар жүйесінің психологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата25.03.2022
өлшемі265,99 Kb.
#28720
  1   2   3
Байланысты:
6-дәріс



6-МОДУЛЬ. ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ  ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

ЖҮЙЕСІНІҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

6-ДӘРІС.

ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР  ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА 

БАҒДАРЛАНУ

 

 

Ағы оқытушы Сайлинова Қ.Қ. 

 

Құндылықтар  қоғам  үшін  ең  маңызды  деген  ережелер  мен  мағыналар 



қызметін  өзіне  бағындыра  отырып,  оны  реттейді.  Адамның еркін  таңдауына 

байланысты  құндылық  адами  қажеттіліктердің  қанағаттануын  да  білдіреді. 

Бірақ  қанағаттану  құндылықтардың  табиғатын  бұрмалап  қабылудауға  алып 

келуіде мүмкін. «Мақсатыңа жету үшін құралдың бәрі жақсы» деген ұстаным 

адамды құндылық емес, мақсаттың құралы ретінде қарастыруға жол ашады.  

Адам  өз  мінез-құлқын,  әрекетін  басқа  адамдардың  қылықтарымен 

салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсінеді, өзін-өзі тану қабілетіне жетеді. 

Тәрбие  мен  оқытудағы  адамгершілікке  бағытталған  идеалдар  құндылықтар 

деп  қарастырылады.  Оларға:  шындық,  қайырымдылық,  тұлға,  бостандық, 

махаббат, шығармашылық және тағы басқалар жатады.  

Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы 

айқындалып,  ақыл-ой,  сана  арқылы  қабылданады,  құрметтеу,  қошаметтеу, 

қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын 

және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы 

қабылданады, сана арқылы түсінуге болады.  

Соның  нәтижесінде  тұлға  құндылықты  игеріп,  іс-әрекет  етеді.  Жалпы 

адамгершілік  құндылықтардың  мәні  мен  мазмұндары  көне  заманнан  бүгінге 

дейін  философия,  әлеуметтану,  мәдениеттану,  этика,  эстетика,  психология, 

педагогика  ғылымдарында  кеңінен  қарастырылып,  қоғам  ерекшеліктері  мен 

сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. 

Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  әрбір  адамның  ақыл-ой  байлығының 

тікелей көрсеткіші. Құндылық дегеніміз –шындықты бағалау критерийі, яғни 

айналасындағы  адамдарға,  өзіне  қатынасымен  өмірлік  ұстанымынан 

көрінетін тұлғалық қасиеттер. Тұлғаның құндылығы өзі ұмтылатын идеалды 

мақсаттарынан көрінеді. 

Құндылық бағдары дегеніміз –адамның әлеуметтік ортада мінез-құлқы 

мен  әлеуметтік  іс-әрекетін  психологиялық  реттеуді  қамтамасыз  ететін 

тұлғадағы  қасиет.  Бұл  мәселе  бойынша  зерттеу  жұргізген  ғалымдар:  өткен 

ғасырдың 60-70 жылдары философиялық әдебиеттерде В.П. Тугаринов, О.Г. 

Дробницкий  және  басқалар;  шетел  әдебиеттерінде  құндылық  бағдар  ұғымы 

"аттитюд"  ұғымымен  де  түсіндіріледі:  З.  Фрейд,  Э.  Фромм,  В.  Франкл,  К. 

Роджерс және басқалар; кеңестік кезеңде: С.Л. Рубинштейн, В.Д. Ермоленко, 

Л.И.  Божович,  Г.М.  Андреева,  Д.А.  Леонтьев,  Б.Г.  Ананьев,  А.И.  Донцов, 

С.С. Бубнов және басқалар болды. 

Тұлғаның бағытталған құндылықтар жүйесі, әлеуметтік орта ережелері  

және  ішкі  орналастырулар  арасындағы  аралық  орынға  ие,  соның  ішінде 




мотивациялық-қажеттіліктер  аймағы  және  тұлғалық  мағыналар  жүйесі 

ерекше  болып  саналады.Құндылықтар  туралы  алғашқы  түсінік  ежелгі  грек 

ғалымы Сократтан бастау алады.  

Сократ  үшін  құндылық  «адамның  өмірді  бағалауы»  екен.  Ал 

Аристотель  «жақсылық»,  «игілік»  ұғымдарын  жағымды  мінез-құлықты, 

рухани  құндылықты  бейнелеуде  қолданды.  Құбылысты,  затты  жағымды 

бағалау  адам  үшін  құнды  игілікті  түсінуге  негізделген.  «Ізгілік»  сөзі 

салыстырмалы  мағынада  белгілі  бір  жағдайдағы  адам  үшін  жақсылық, 

пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі.  

Рухани-адамгершілікке 

тәрбиелейтін 

ғылым 


ретінде 

этиканы 


белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты  – таным емес, 

ізгілікке  үйрету.  Этикалық  зерттеулер  рухани-адамгершілік  дегеннің  не 

екендігін  білу  үшін  емес,  осы  рухани-адамгершілікке  жетудің  жолдарын 

үйретуге    қажет,  олай  болмағанда  бұл  ғылымның  пайдасы  болмас  еді»  - 

дейді. 

Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы 

(өзін  қабылдауы  және  жынысына,  жасына,  мәдени  ерекшелігіне  қарамастан 

өзгені  де  қабылдай  алуы).  Инструменталдық  –  рефлексияны  өзін-өзі  тану 

құралы  ретінде  өзінің  жан  дүниесін  және  өзгелермен  қатынасын  ұғыну 

қабілеті  ретінде  игеруі  (өзінің  және  өзгелердің  эмоциялық  жағдайын,  мінез-

құлқының  ерекшелігін  ұғынуы).  Қажеттілік-мотивациялық  –  өзіндік  дамуды 

қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу).  

Адамды  адамның  қабылдауы  мен  түсінуінің  механизмдеріне: 

идентификация,  эмпатия,  рефлексия,  аттракция,  атрибуцияны  жатқызуға 

болады.  Идентификация,  қазақша  «теңестіру»,  «ұқсастыру»  ұғымдарына 

жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. 

 Идентификацияда  басқа  адамның  құндылықтар  ережесі,  мінез-құлқы, 

талғамдары  мен  дағдылары  игеріледі.  Әсіресе,  жеткіншектік  кезеңде  оның 

мәні  зор.  Көптеген  зерттеулерде  идентификацияның  оған  жақын  ұғым 

эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған. 

Идентификация  дегеніміз  –  бұл  басқа  адамды  сол  субьектінің  өзінің 

ерекшеліктеріне  саналы  немесе  бейсаналы  ұқсастыру  арқылы  түсіну 

тәсілі.Қарым-қатынас  жағдайында  адамдар  өзін  сол  адамның  орнына  қою 

әрекеті  негізінде  басқа  адамның  ішкі  қалпы,  ой  ниеті,  мотивтері  мен 

сезімдері туралы болжамдар жасайды. 

Эмпатияны  басқа  адамды  сезіну,  оның тебіреністеріне  бой  ұсына  білу 

деп анықтауға болады, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда 

басқаның  «мәселесі»  «ойланылса»,  эмпатияда  «сезініледі».  Екеуінде  де 

басқаның  орнына  қоя  білу  көрінеді,  бірақ  бастапқысында  өзін  серіктеспен 

теңестіру механизмі, ал соңғысында басқамен теңестіру қажет емес, өз пікірі 

болуы мүмкін, дегенмен басқаның мәселесін сезіну іске асырылады. 

Эмпатия  –  басқаның  қуаныш-сүйініштерін  дұрыс  сезіне  білу  қасиеті. 

Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеуметтік 

қызметкердің  кәсіби  маңызды  қасиеттерінің  бірі.Осы  екі  жағдайда  да, 

арадағы  қарым-қатынастың  іске  асырылуы,  үшінші  жағдайдағы  серіктестің 



«Мен»  ұғымын  түсінуіне  байланысты.  Бірін-бірі  түсіну  рефлексия 

құбылысымен анықталады. 

Әлеуметтік  психологияда  рефлексия  –  қарым-қатынас  барысында 

екінші адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Ол қабылдау мен түсінуі ғана 

емес,  қоршаған  ортада  «Менді»  бағалау  арқылы,  яғни  «Мен»  бейнесі 

анықталады. 

Қарым-қатынас барысында адамды қалай қабылдап, түсініп тұрғаны да 

маңызды. 

Субьектінің 

қарым-қатынас 

серіктесінің 

оны 


қалай 

қабылдайтынын  түсіну  рефлексия  деп  аталады.  Рефлексия  басқа  адамды 

қабылдау құрамына жатады.  

Сонымен,  адамды  адамның  қабылдауын  екі  еселенген  айналы 

бейнеленуге  ұқсастыруға  болады.  Адам  басқа  адамды  бейнелегенде,  өзін  де 

сол 


басқаның 

қабылдау 

айнасында 

бейнелейді. 

Қарым-қатынас 

процестерінде  идентификация  мен  рефлексия  бірігіп  әрекет  етеді.  Егер  де 

әрбір  адам  басқа  адамдар  туралы  ғылыми  негізделген  толық  хабарлармен 

қамтамасыз  етілген  болса,  онда  ол  олармен  өзара  әрекет  ету  жолын  қатесіз 

құрастырған болар еді.  

Қабылданатын  адамға  деген  эмоциялық  көзқарастардың  пайда  болу 

механизмдерін  анықтаумен  байланысты  зерттеу  аймағы  –  аттракция  деп 

аталады.  Аттракция,  бір  жағынан,  қабылдаушы  үшін  басқа  адамның 

тартымдылығының  қалыптасу  процесі,  екіншіден,  осы  процесс  өнімі,  яғни 

көзқарастардың біршама сапасы.  

Қарым-қатынастың  перцептивті  жағын  зерттегенде  осыны  ескерген 

жөн,  себебі,  бір  жағынан,  адамдар  арасында  бір-бірін  ұнатушылық,  достық 

сезімдері немесе, керісінше, жақтырмау сезімдерінің қалыптасуы, екіншіден, 

бұл  құбылыстың  қарым-қатынастағы  маңызы  қандай  деген  мәселелер 

туындайды. 

Аттракцияны  бір  адамның  екінші  адамға  деген  әлеуметтік  бағдары 

және сол жағдайда эмоциялық компоненті басым деп қарастыруға болады. 

Аттракцияның  түрлі  деңгейлері  анықталған:  ұнатушылық,  достық, 

сүйіспеншілік. 

Кеңестік 

әлеуметтік 

психологияда 

аттракция 

көп 


зерттелінбеген.  Қазіргі  кезде  топтық  іс-әрекетте  аттракцияны  зерттеу  қолға 

алына бастады. 

 

Каузалды атрибуцияны  зерттеушілер Г. Келли, Э. Джонс, К. Дэвис, Д. 



Кенноуз,  Р.  Нисбет,  Л.  Стрикленд.  Атрибуцияның  аудармасы,  телу,  есептеу 

дегенге  келеді.  Латын  тілінен  аударғанда  «causa»  -  себеп,  яғни  каузалды 

атрибуцияны – себепті телу деп түсінуге болады.  

Каузалды  атрибуция  адамдар  туралы  алынған  мәлімет  жеткіліксіз 

болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол обьектіге телу 

жағдайы.  





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет