Жай және күрделі дислалия
Бұзылған дыбыстың санына байланысты дислалия жай (мономорфты) және күрделі (полиморфты) болып бөлінеді.
Мономорфты дислалияда бір немесе артикуляциясы бірыңғай дыбыстардың айтуы бұзылады, ал, полиморфты дислалияда әртүрлі топтағы (ысқырық және сонор) дыбыстардың айтылуының бұзылуы байқалады.
Тәжірибеде дислалияың «таза» түрлерімен қатар акустикалықфонематикалық, артикуляторлық-фонематикалық және артикуляторлықфонетикалық дислалиялардың құрама түрлері кездеседі. Бұндай бұзылыстарды М. Е. Хватцев жалпы тіл мүкістігі («козноязычие») деп атап, сөйлеу тілі бұзылыстарымен байланыстырған. Бұндай құрамалар сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жеке бұзылыстарына жатпайтын ерекше топ құрайды. Олар сөйлеу тілінің басқа жағының жетіспеушілігімен үйлеседі және орталық жүйке жүйеснің, психикалық дамуының органикалық зақымдалуында байқалады. Себебіне байланысты дислалия функционалды және табиғи (органикалық) деп бөлінеді. Соңғы термин перифериялық сөйлеу аппаратында морфологиялық өзгерістердің барлығына нұсқайды.
Достарыңызбен бөлісу: |