6 Шәкәрімнің үш анығы. Бірінші анық



бет1/2
Дата09.05.2023
өлшемі18,1 Kb.
#91276
  1   2

6) Шәкәрімнің үш анығы.
Бірінші анық
Бірінші анық Жаратушы білімі. Шәкәрім мәселені мұнымен аяқтамайды. Ол Жаратылыстың мазмұны туралы айтқан. Егер себепсіз бар болған Атом немесе Нұр десек, олар қозғалыста. Ал қозғалыстың өлшеулері бар. Осы ойды ноқталап Шәкәрім: «Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес», дейді. Ол қозғалыстың абсолюттігін айтып отыр. Қозғалыстың себебі – себепсіз себепте, яғни түп Жаратушыда. Ал ол түп себеп өлшене ме? «Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес», дейді Шәкәрім. Олай болса, өлшеусіз нәрсенің бар болғанын қалай білмекпіз. Өлшеусіз нәрсені ғылымда абсолют дейді. Түп себептің өлшеуі жоқ. Ол Жаратушы білімі. Жаратушының өзі де абсолют, Жаратушының білімі де абсолют. Хакім Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегеніндей. Жаратушы абсолют – онтология. Жаратушы білімі де абсолют (гносеология). Шартты түрде осылай бейнелеуге болады. Негізінде Жаратушы да, оның білімі де – тұтас абсолют. Жаратушы білімнің себебі өзінде, ол еш нәрсемен өлшенбейді, құпия, сыр. Алла тағала – абсолют. Негізінде «тағала» деген абсолют деген мағына береді. Шәкәрім Абсолютті өлшенбейтін, өлшеуі жоқ нәрсе деген. Шәкәрім бірінші анық Абсолют – Жаратушы дегенмен ойын аяқтамаған. Ол Абсолютті – субстанция десе, оның акциденцияларын атап өткен, олар: өлшеусіз Құдірет оны ғылым тілінде – онтология деуге болар;Өлшеусіз білім (Алла тағала білімі бізге беймәлім), оны ғылым тілінде гносео­логия деңіз.Өлшеусіз шеберлік, оны ғылым тілінде гармония деңіз. Хакім Абайдың «Безендірген жер жүзін Тәңірім шебер» дегені осы жағдайға саяды. Қорыта айтсақ, бірінші анық – Абсолют. Жаратушы (Алла тағала). Абсолютті – субстанция десек, оның акциденциялары:
өлшеусіз құдірет
– өлшеусіз білім
– өлшеусіз шеберлік
Демек, бірінші анық Жаратушының білімі, құдіреті, шеберлігі. Бұл үшеуінің өлшеуі жоқ, олар Абсолюттің акциденциялары.
Екінші анық
Жан туралы. Адамзат тарихында жан мәселесімен айналыспаған, пікір айтпаған ғұлама жоқ. Жан туралы айтылған, жазылғандарда есеп жоқ. Шәкәрім жанды былайша түсіндірген. Әуелі бар болған жан ешқайда жоғалып кетпек емес, ол барлықтың ішінде жүре бермек. Жан әр түрге түсуі мүмкін, бірақ жоғалмайды. Мысалы, дейді ол: «Инстинкт – сезімді жан, сознание – аңғарлық жан. Мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан дегендей әртүрлі қасиеттері болады». Ойланайық. Шәкәрім алдымен Жанды денеге қатысты айтты. Жарайды. Келістік. Бірақ бұл өте үлкен даулы мәселе екенін ескерте кетелік.
Бұдан әрі Шәкәрім Жанды ақылмен қоса өрбіте баяндап, пікір айтуда. Ол кісі жанның нәпсіге қатысты жағын айтпаған. Ол мәселені, әзірше қоя тұралық. Сезімтал жан – инстинкт. Бұған талас жоқ. Ол адамға дейінгі (тіптен, кейде адам баласына да қатысты – Ғ.Е.) жандылар әлеміне тікелей қатысты жағдай. Шәкәрім «сознание» дейді, оны біз «сана» дейміз, оның Жанға қатысы күрделі. Сана – жан туралы түсінік, сонымен бірге жанның құпиясын жабушы. Мен солай ойлаймын. Саналы жан түсінеді, бірақ, шын мәнінде, бәрін санаға салса, айнала дүние – тұйық түсініксіз, әншейін құмырсқа – тіршілік. Келесіні Шәкәрім «Мысль» дейді, ол ой, ойлау. Ойлаушы жан азап әлемінің есігін ашушы. Ой, ойлау әлем құпиясына саяхат. Нағыз азапты жан. Себебі бәрі түсініксіз, бәрі құпия. Содан үміт, қиял, армандар өсіп-өніп шыққан. Ойшылдық «ум» – ақылды жан дегені Жанның адамға қызметі. Шәкәрім: «толық, терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес». Тамаша ой!
Шәкәрім жанның мәңгілігі деген мәселені өлімге қатысты түсіндіріп көрген. Тыңдайық, ол кісі не деген екен. «Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген соң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген соң біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине жанның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек». Жан мәңгілігін қабыл алмағандар дүниеден аса бір қиналыспен өтеді. Жанның мәңгілігі деген иман мәселесіне тірелді. Осыдан әрі Шәкәрім үшінші аныққа ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет