6 сынып. Мектепішілік олимпиаданың іріктеу кезеңінің тапсырмалары. 2021-2022 оқу жылы І. Грамматикалық бөлім. 15 балл



Дата13.02.2022
өлшемі21,34 Kb.
#25402
Байланысты:
5 6 сыныптар олимпиада


6 сынып.

Мектепішілік олимпиаданың іріктеу кезеңінің тапсырмалары. 2021-2022 оқу жылы

І. Грамматикалық бөлім. 15 балл

1. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.


A) Төрт. В) Ыдыс. С) Мектеп..

2. Ашық буынды сөзді табыңыз.

А) Мек- теп, сыз- ғыш. В) Ұс- таз, ал- ды. С) А – та, та- за.
3. Буын түрін анықтаңыз.
A) Тұйық. В) Жалғау. С) Жалаң..
4. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз.

A) ағаш В) қол С) мейрам


5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз.

A) Ше- бер- ха- на В) Шеб-ер-хан-а С) Ше-берх-ана

6. Етістікті табыңыз.

A) Жер В) Жіктеу С) Жүр


7. Буынның неше түрі бар?

A) 2 В) 3 С) 4


8. Бес буыны бар сөзді белгілеңіз.

А) Көмектесеміз. В) Шомыламыз. С) Демаламыз.


9. Етістіктің сұрақтарын белгілеңіз.

А) Қандай? В) Не істеді? С) Кімдер?


10. Келер шақ етістіктер қатарын белгілеңіз.

А) Бардым, айттың, келдің.

В) Барамын, айтасың, келесің.

С) Бара жатырмын, айтып тұрмын, келе жатырсың.


11. Нақ осы шақтағы етістікті көрсетіңіз.

А)Айтады. В) Айтып тұр. С) Айттың.


12. Өткен шақ етістікті табыңыз.

А) Келе жатыр. В) Келдің. С) Келеді.


13. «Я слушаю музыку» сөйлемінің аудармасын табыңыз.

А) Мен музыка тыңдаймын.

В) Мен музыка тыңдадым. С) Мен музыка тыңдап отырмын.
14. Етістік нені білдіреді?

А) Заттың атын В) Заттың қимылын С) Заттың сынын

15. Етістікте неше шақ бар?

А. Екі В. Төрт С. Үш



ІІ бөлім. Оқылым. 5 балл

Оқыңыз.

Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішінде кең таралған музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі.

Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады.

Қазақ халқының небір ән-күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сияқты түрлері өмірге келді. Осы секілді он тоғыз пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген музыкалық шығарманы орындауға болады.

(«Ұлттық саз аспаптары» кітабынан 73 сөз).
1. Мәтін не туралы?

А) мәдениет

В) халық мәдениеті

С) домбыра

D) жетіген
ІІІ бөлім. Жазылым. 5 балл

Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Әдемі, биік, өте алыс, ең жақсы.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.

Көпжылдық –

Ерте заман –

Деректер –

Мұнтаздай –

Бетпе-бет –
ІІІ бөлім. АЙТЫЛЫМ. 5 балл

Өзің отырған сыныбыңды суреттеп жазып, ауызша баяндап беріңдер немесе бір өлеңді жатқа айт.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет